» » Жоғалған телефонды бірден тауып берді

Жоғалған телефонды бірден тауып берді

Қызылордалық полицейлер қала тұрғынының жоғалған ұялы телефонын бірнеше сағат ішінде тауып берді.
Желтоқсан айының басында кезекші бөлімге облыс орталығы тұрғынынан қызының ұялы телефоны жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Хабарлама бойынша полиция басқармасының операторы, кіші сержант Жасұлан Смағұлов және № 3 учаскелік полиция инспекторы, аға лейтенант Ержан Әбенов бірден жедел іздестіруге кірісті. Іздестіру барысында сол күні таңертең ол қыздың таксиге отырғаны анықталды. Кейін жұмысын бітірген бойжеткен ұялы телефоны жоғалғанын байқайды.
Полиция қызметкерлері такси жүргізушісінің жеке басын анықтап, онымен байланысып, бірнеше сағат ішінде такси ішінде жоғалған қымбат ұялы телефонды иесіне қайтарды.
Полицияға арызданған қыздың анасы Instagram әлеуметтік желісі арқылы полицейлерге кәсібилігі мен жеделдігі үшін алғысын білдірді.
Өз кезегінде полиция қызметкерлері облыс тұрғындарына өз мүліктеріне сақ болуды ескертеді.
 
Қызылорда қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі
21 желтоқсан 2019 ж. 120 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (9605)

07 сәуір 2020 ж.

№25 (9604)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (9603)

31 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930