» » Қаңтар айына арналған ауа райы болжамы

Қаңтар айына арналған ауа райы болжамы

Қаңтар айына арналған ауа райы болжамыКонсультативтік болжамға сәйкес, қаңтар айының бірінші онкүндігінде республика аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік аймақтарда бұрқасынмен екпінді жел соғады. Алғашқы суыту бірінші онкүндіктің ортасында күтіледі, батыста ауа температурасы түнде 5...15, солтүстік бөлігінде 10...25 градус аязға дейін төмендейді, оңтүстік өңірлерде  3...11 градус аяз орнайды.  Кезекті суыту екінші және үшінші онкүндікте болады деп болжанып отыр, ауа температурасының едәуір төмендеуін айдың үшінші онкүндігінде сезуге болады. Солтүстік обылстарда түнде 20...25, кей жерлерде 30, күндіз 15...20, кей жерлерде 10 градус аяз, оңтүстік бөлігінде түнде 17...22, кей жерлерде 12, күндіз 10...15, кей желерде 5 градус аяз болжанады. Жалпы қаңтар айының орташа ауа температурасы нормадан 1°С жоғары, тек республиканың батыс, солтүстік және шығыс аймақтарының кей жерлерінде  қалыпты деңгейде сақталады.

Жауын-шашын мөлшері еліміздің солтүстік-шығыс бөлігінде нормадан аз, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс, шығыс аймақтарының таулы жерлерінде нормадан көп, ал қалған аймақтарда климаттық норма шамасында болжанады.

24.kz
02 қаңтар 2020 ж. 251 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9604)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (9603)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (9602)

27 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930