» » Ел Президентінің 2020 жылдағы алғашқы жарлығы: Қазақстанда жаңа қала пайда болды

Ел Президентінің 2020 жылдағы алғашқы жарлығы: Қазақстанда жаңа қала пайда болды

Жарлық Қостанай облысы Қостанай ауданының Затобол кентін аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызу және оны қайта атауға қатысты.
 Мемлекет басшысының жарлығымен Қостанай облысындағы Затобол кенті Тобыл қаласы деп қайта аталады, деп хабарлайды Ақорда.
Президент 2020 жылдағы алғашқы жарлығына қол қойды. Ол Қостанай облысы Қостанай ауданының Затобол кентін аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызу және оны қайта атауға қатысты.
"Қостанай облысы Қостанай ауданының Затобол кенті аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызылсын. Затобол кенті Тобыл қаласы болып қайта аталсын", - делінген жарлық мәтінінде.
Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тобыл қаласы (бұрынғы Затобол кенті) Тобыл өзенінің оң жағалауында орналасқан.
2018 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша мұнда 26 402 адам тұрады.
Бұған дейін еңбек ардагерлері, кәсіпкерлер мен жастар елді мекеннің атауын өзгертіп, мәртебесін өзгертуді ұсынған еді.

Sputnik
03 қаңтар 2020 ж. 113 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9604)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (9603)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (9602)

27 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930