» » МЫРЗАБАЙ АХУНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТ БОЙ КӨТЕРЕДІ

МЫРЗАБАЙ АХУНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТ БОЙ КӨТЕРЕДІ

Аймақ басшысы ауданға сапарында Мырзабай ахун ауылдық елді мекеніне атбасын бұрып, ауыл халқымен кездесті. 218 отбасы түтінін түтеткен бұл ауылда бұған дейін медициналық ғимараты ескі болғандықтан, халық жаңа нысан бой көтерсе екен дейді. Жергілікті халықтың өтінішіне құлақ түрген облыс әкімі бұл мәселені шешуді тиісті сала басшыларына тапсырып, күзге дейін халық оның игілігін көру қажеттігін назарға салды.

 Аталған елді мекеннің қазіргі әлеуметтік жағдайы жаман емес, жергілікті халық та мемлекеттік бапғдарламаларды пайдалана отырып кәсіп ашуға бейім. Қазірдің өзінде елді мекенде 60-қа жуық кәсіпкер бар.Мұнан бөлек былтыр 7 ауыл тұрғыны қайтармсыз грантқа қол жеткізіп, өз ісін бастаған болатын.

Ахун атындағы ауыл тұрғындары мемлекеттің түрлі бағдарламалармен кәсіпкерлерді қолдауы ауылдық елді мекендердің өсіп-өркендеуіне оң әсерін тигізіп жатқанын айтып, Қуанышбек Досмайылұлына алғыстарын білдірді.
15 қаңтар 2020 ж. 258 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (9640)

11 тамыз 2020 ж.

№60 (9639)

08 тамыз 2020 ж.

№59 (9638)

04 тамыз 2020 ж.

Сұхбат

САЛАДА СЕРПІЛІС БАР
11 тамыз 2020 ж. 54

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31