» » Жарық бағасы қымбаттамақ

Жарық бағасы қымбаттамақ

Қазір электр жарығынсыз тіршілік етуді елестете алмаймыз. Өйткені заманның ағымына қарай біздің бар жұмысымыз осы тоққа байланған. Баға күн сайын құбылып тұратын қоғамда енді электр жарығының тарифі де өспек. Ел-жұртқа жағымсыз жаңалық болса да, тиісті мамандар ауданымызға келіп, жиын өткізді, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Нақтырақ айтсақ, өткен аптада «Шиелі жарығы» ЖШС-ның электр энер­гиясымен жабдықтау қызметінің хабарламасын қарау бойынша жария тыңдау өтті. Оған депутаттар, жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдардың өкілдері, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен тұтынушылар қатысты.
Тиісті мамандар «Шиелі жарығы» ЖШС электрмен жабдықтау қызметі бойынша ұсынған жобалық орташа босату бағасы 1 кВт сағатына ҚҚС-мен 19,29 теңге, қазіргі қолданыстағы 1 кВт сағатына ҚҚС-мен 17,80 теңге тарифімен өзгерді. Салыстырмалы түрде алғанда 8,3 пайыз. Тарифтің өзгеруінің басты себебі өндіретін электрстанциялардың электр энер­гиясы, электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамта­масыз ету бойынша көрсететін қызмет құнының және «КЕГОК» АҚ-ның желілері бойынша электр энергиясын беру бағаларының өсуінен екенін айтты. Олардың сөзінше, осындай жария тыңдауларда айтылған ұсыныс-пікір, сын-ескертпелер ескеріле отырып, соңғы шешім осы жылдың 29 қаңтарында қабылданатын болады. Жиын барысында тұтынушылар тарапынан сұрақтар қойылды, ұсы­ныстар айтылды. Мамандар тара­пынан жан-жақты жауап берілді.
Айта кету керек, өткен жылы облыстық «КРЭК» АҚ-ның жарғылық қорын ұлғайту есебінен Аққыр елді мекенінің электр жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып, Мәдениет, Жаңадария, Жаңаталап елді мекендерінің электр желілері мен қондырғыларына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аудан бюджетінен Жалағаш кентіндегі Абай, Әйтеке би, Бұқарбай батыр, Желтоқсан көшелерін жарықтандыру жұмыстарын жүргізуге жобалау-сме­талық құжаттары дайын тұр. Со­нымен қатар аудандық маңыздағы Ақ­су ауылына кіреберіс автомобиль жолын жарықтандыру жұмыстарына жоба-сметалық құжаттары әзірленді. Аталған жобалар «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында республикалық бюджет есебінен қар­жыландыруға ұсынылды.

«ЖЖ» ақпарат

21 қаңтар 2020 ж. 41 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№13 (9592)

18 ақпан 2020 ж.

№12 (9591)

15 ақпан 2020 ж.

№11 (9590)

11 ақпан 2020 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 814

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 736

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829