» » АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ ОРАЙ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ ОРАЙ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Бүгін – Алғыс айту күніне орай Мәдениет және өнерді дамыту орталығында «Ұлт бірлігі – жүрек жылуы» атты дөңгелек үстел өтті. Кездесуге аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев, ардагерлер, ҮЕҰ өкілдері, түрлі этнос өкілдері, БАҚ өкілдері қатысты.

Жиылған қауымды аудан әкімі Алғыс айту күнімен құттықтап, бұл күннің маңыздылығына тоқталды. Аудандағы қоғамдық келісім мен этносаралық бірліктің нығаюына өзіндік үлесін қосып жүрген бірқатар азаматтарды аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.
Кездесуде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев, «Жалағаш достық мекені» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Дина Мирман жиылған қауымды мерекемен құттықтаса, медицина саласының ардагері, кәріс ұлтының өкілі Пак Лилия, аудандық вокзал кезекшісі Дмитрий Абдраимов алғыстарын білдірді.

Кеште мектеп оқушылары ұлы Абайдың өлеңдерін жатқа оқып, Алғыс айту күнінің ерекшелігіне тоқталса, аудандық мәдениет Үйінің өнерпаздары өнер көрсетті.
28 ақпан 2020 ж. 143 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 73

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930