» » Әлеуметті қолдайтын жаңа жобалар іске асады

Әлеуметті қолдайтын жаңа жобалар іске асады

Сейсенбі күні Аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы Мейірбек Құрақбаев хабарлама жасады. Ол облыс және аудан әкімдерінің төрағалығымен өткен мәжілістерде берілген хаттамалық тапсыр­ма­лардың қалай орындалғанын баян­дады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру үшін атаулы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін реформалау бойынша жаңа тәсілдер әзірленгені белгілі. Бұдан бөлек халықты жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту сынды мәсе­лелер тағы бар. Бүгінгі таңдағы ең өзекті деген тақырыптарға тоқталған аудандық жұ­мыс­пен қамту, әлеуметтік бағдарламалар жә­не азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Эльмира Құттымбетова жүйелі жұ­мыстың жүріп жатқанынан хабардар етті.
Бөлім басшысының айтуынша, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы жаңа жобалармен толықтырылған. Атап айтқанда, «Алғашқы жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісімі» мемлекеттік қолдау шаралары қо­сылды. Бұл шараларды мемлекеттік қол­даудың жаңа түрі десек те болады. «Алғашқы жұмыс орны» жобасы алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектерге арналған. Бұл ретте жұмыс беруші қатысушыны кемінде жиырма төрт айға тұрақты жұмысқа орналастырады. Ал халықты жұмыспен қамту орталығы жұмысқа тұрған адамның еңбекақысын бір жыл бойы төлеп тұрады. Өз кезегінде «Ұрпақтар келісімі» жобасының берері мол. Жұмыс беруші зейнет жасына жетіп тұрған маманның жанына жұмыспен қамту орталығы арқылы қызметке адам ала алады. Оның алты айғы еңбекақысын жұмыспен қамту орталығы төлейді. Алты ай өткеннен кейін зейнет жасына жеткен адамды құрметті демалысқа жіберіп, орнына майталман маманнан білгенін үйреніп жүрген адам қабылданады. Жаңадан қолға алынған мемлекеттік қолдау шараларының көңілге қо­нымды тұсы да осы.
Енді бірнеше күннен кейін көктемнің шуақты күндері де келеді. Көктем шыға көркейту-кө­галдандыру жұмыстарына кірісіп жатамыз. Бұл тұрғыда кент әкімі Ғалымжан Телібаев ха­барлама жасап, аудан орталығында атқары­латын шаруаларға тоқталды. Кент әкімі биыл орман және жануарлар дүниесін қорғау меке­месінен 1000 түп терек көшетін алуға тапсырыс берілгенін мәлімдеді. Бұдан бөлек 100 түп бүрлі ағаш алуға келісім жасалған. Қосымша 4000-ға жуық қаламша отырғызылып, күтімге алынады. Орталық алаң, темір жол вокзалы аймағы және демалыс орындарындағы гүл егі­летін жайларды тыңайту мақсатында қажетті шаралар атқарылған. Аталған орындардағы 2400 шаршы метр жерге гүл отырғызылып, күтімге алынады. Көшеттер мен қаламшалар отырғызуға байланысты кенттің ішіндегі көшелерде ар­найы орындар белгіленіп, шарбақпен қоршау жұмыстары жүргізілетін болады. Кент әкімі өз баяндамасына осы негіздегі мәліметтерді арқау етті.
Мұнан кейін сөз алған аудандық аурухананың бас дәрігері Баян Боранбаева міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілу жайын қаузады.
Биыл халық санағы өткізілетіні белгілі. Рес­публикалық маңызы бар ауқымды шараға ерек­ше мән бермесе болмайды. Осыған бай­ланысты аудандық статистика басқар­масының басшысы Сәуле Баймахан хабарлама жасап, халық са­на­ғына дайындық жұмыстарының ба­рысын баян­дады.
Алдағы жылы болатын халық санағы элек­тронды түрде өткізіледі. Қазан айында өтетін ау­қымды шараға дайындық жұмыстарын осы бастан жасау қажет. Бұл ретте елді мекендердің тізімі мен шекараларын нақтылау, көше атау­ларын реттеу, үй және пәтерлерді нөмірлеу жұ­мыс­тары да назардан тыс қалмауы керек.
Аппарат мәжілісін аудан әкімі қорытындылап, тиісті сала басшыларына тапсырма берді.

“ЖЖ” ақпарат

29 ақпан 2020 ж. 24 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (9603)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (9602)

27 наурыз 2020 ж.

№22 (9601)

21 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930