» » Ақтаңгер аламанда алда келді

Ақтаңгер аламанда алда келді


Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұйым­дастырылған "Абай жолымен" атты республи­калық ақындар айтысы мәресіне жетті.
Аламан айтыста бас жүлде "Айтыстың ақтаң­гері" Мұхтар Ниязовқа бұйырды. Ал І орынды Жансая Мусина иеленсе, ІІ орынды Әсем Ережеқызы, ІІІ орынды Мейірбек Сұлтанхан мен Айбек Қалиев еншіледі.
Айта кетейік, сөз додасы "Nur Otan" партиясының және Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай өткізіліп отыр.
Оған Серік Құсанбаев (Өскемен қаласы), Айбек Қалиев (Арқалық қаласы), Аспанбек Шұғатаев (Павлодар қаласы), Әсем Ережеқызы (Нұр-Сұлтан қаласы), Аруна Керімбек (Ақтөбе қаласы), Жансая Мусина (Орал қаласы) Аян Ниязбек (Шымкент қаласы), Сұлужан Тауболды (Алматы қаласы), Кенжебай Жүсіпов, Мұхтар Ниязов, Мейірбек Сұлтанхан, Бексұлтан Орынбасаровтар (Қызылорда қаласы) қатысты.

“ЖЖ” ақпарат
29 ақпан 2020 ж. 36 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9602)

27 наурыз 2020 ж.

№22 (9601)

21 наурыз 2020 ж.

№21 (9600)

17 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031