» » АСЫЛ ЖАНДАР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

АСЫЛ ЖАНДАР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

Қанша жақсылық жасасақ та ана деген аяулы жанның алдындағы перзенттік парызымыз толық өтелмейтін шығар! Балам деп түн ұйқысын төрт бөлген қадірлі жанға бір сәт уақытын бөле алмайтын адамдарды көргенде қынжыласың. Ал мереке сайын анам деп үйіне асығатын жандарға қарап осы қасиет әлгілерге де жұқса дейсің ғой. Жалпы сөз атаулының ішінде қандай мақтау-мадақтар болсын, Ана деген аяулы жанның бағасын толық бере алмайды. Сыр журналистерімен кездесуінде классик жазушы Дулат Исабеков ағамыз «Тек біздің елде ғана емес, Ана тақырыбында қалам тербеген әлем жазушыларының ішінде мен үшін асыл жанның болмысын толық аша алғаны жоқ, аша алмайды да» деп еді. Бұл пікірге менің де алып-қосарым жоқ. Наурыз айының алғашқы он күндігінде жылына бір келетін нәзікжандылар мере­кесінде елімізде аяулы аналарды құрметтеуге арналған мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Дәл осы күні ар­дақ­ты аналардың құшағы гүлге толады. Мұн­дай тағылымды шаралар жыл сайын Жа­ла­ғашта да өз деңгейінде өтіп жатыр.
Сенің ортаңа, отбасылық жағдайыңа, өзіңнің шама-шарқыңа қарап жолдас, құр­бы болатын жандар бар. Ал ана үшін мұның бәрінің құны көк тиын. Тіпті сал болып қалсаң да ол үшін сен бәрінен биік перзентсің. «NurOtan» партиясы аудандық филиалы ұйымдастырған мерекелік ша­ра­дан біз осыны ұқтық. «Кедергісіз ке­лешек» партиялық жобасы аясында ұйым­дас­тырылған салтанатты шарада мүм­кіндігі шектеулі баласы бар ардақты жандар ма­ра­патталды. Партияның облыс­тық филиалы төрағасының бірінші орын­басары Ақмарал Әлназарованың сый-сыяпатын жеткізген Қаншагүл Мұстафаева асыл жандардан ақыл-кеңесін аямады.
– Көктемнің алғашқы он күндігінде жылына бір келетін нәзікжандылар ме­ре­кесімен баршаңызды шын жүректен құт­тықтаймын. Отбастарыңызға береке, бас­тарыңызға амандық, зор денсаулық ті­леймін. Балам деп түн ұйқысын төрт бөлетін аналар жыламасын, сіздер аман болыңыздар. Ананың бала бағудағы қызметі тек оны өсірумен шектелмейді. Бабадан жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиемізді олардың бойына дарытуда да сіздердің сіңірген еңбектеріңіз ерен. Осындай тәлім-тәрбие көрген жастар келешекте өз жолынан, салтынан әсте адаспайды. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген нақылдың мағыналық тұрғыдан түбіне үңілсек, үлкен мән жатыр. Сондықтан біз алдыңғы буыннан көрген тәлімді олардың бойында жаңғыртуымыз керек. Мұның бәрін қазақ тұрмыстық жағдайда жүзеге асырған. Көп уақытын нәзікжандылар отбасында өткізгендіктен бұл тұста бізге жауапкершілік қажет. Үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіретін салиқалы ұрпақ қалыптастыруда ана­лар­дың рөлі жоғары. Баршаңыздың отбас­тарыңызда салиқалы ұрпақ өссін. Мемлекет болып мақтанатын азаматтарды дүниеге әкеле беріңіздер, – деді партияның аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Шоңмұрынқызы.
Асыл жандарға бағалы сыйлықтар табыс еткеннен кейін Қ.Мұстафаева олардың әрқайсысының отбасына партия тарапынан қолдан келгенше көмегін аямайтынын жет­кізіп, аналардың үніне құлақ түрді. Бала­­­ларының жағдайын біліп, ем алуына қан­дай көмек қажет екенін сұрады. Тіпті бір­қатарының балаларына «Емделу үшін көп­теп қаржылай көмек көрсету шараларын қол­ға алайық» деген ойын айтты.
Жалағаштықтар жығылғанды демеп, ша­ма-шарқынша жәрдемдесуді дәстүрге айналдырған. Жағдайы төмен отбасыларға, жалғыз басты аналарға жомарт жандардың баспана сыйлауы соңғы жылдары біздің ауданда дәстүрге айналды. Әрине, мұндай игі шараларда ел ағаларына ой салып, ақыл қосуда пар­тия­ның еңбегі ерен. Ал бүгінгі Қ.Мұстафаеваның мүмкіндігі шек­теулі балалардың еміне көп­теп қол ұшын созайық деген идеясына да қарсылық біл­діретіндер жоқ шығар.
Асыл аналардың жүзіне күлкі үйірген мерекелік шарада марапат иелері партияның арнайы жобасы аясында көрсетілген құрмет үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын жет­кізді.

К.ҚАЙРАҚБАЕВ
11 наурыз 2020 ж. 52 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9602)

27 наурыз 2020 ж.

№22 (9601)

21 наурыз 2020 ж.

№21 (9600)

17 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031