» » Қасым-Жомарт Тоқаев: Сақтанғанды Құдай сақтайды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Сақтанғанды Құдай сақтайды

Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТоқаевҮкімет қорынан дәрі-дәрмек, тест жүйелерін және зертханаға арналған жабдықтарды алу үшін қаражат бөлінгенін мәлім етті.

«Ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар мен театрлар, көрмелер мен халық көп баратын басқа орындар уақытша жабылады. Оқушылар демалысқа жіберілді. Студенттер қашықтан оқыту жүйесіне көшті. Сондай-ақ азаматтарымыз отбасылық іс-шараларды өткізбегені жөн деп санаймын. Қазақстан аумағына кіруге және шығуға шектеу қойылады. Мемлекеттік шекара бойындағы өткізу бекеттерінде, вокзалдар мен әуежайларда санитарлық режім күшейтілді. Менің тапсырмам бойынша Үкімет қорынан дәрі-дәрмек, тест жүйелерін және зертханаға арналған жабдықтарды алу үшін қаражат бөлінді. Ауруханаларда орын жеткілікті. Осы шаралардың бәрі де азаматтардың денсаулығы үшін жасалып отырған өте маңызды қадамдар», – деді Мемлекет басшысы қазақстандықтарға жолдаған үндеуінде.
Президент сақтанғанды құдай сақтайтынын айтып өтті.
16 наурыз 2020 ж. 44 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9604)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (9603)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (9602)

27 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930