» » Қызылордада азық-түлік түрлерін арзан бағада сататын 26 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді

Қызылордада азық-түлік түрлерін арзан бағада сататын 26 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді

Kyzylorda-news.kz. 2020 жылдың I тоқсанға бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағасының шекті мәнінен өнімдердің бөлшек саудада бағасы 15% жоғарылаған жоқ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сейілбек Нұрымбетов мәлімдеді.

«Бүгінгі күні тұрақтандыру қорында 1199,9 тонна өнім көлемі бар. Қазіргі уақытта астық нарығындағы қалыптасқан қымбатшылық жағдайға байланысты өңірлік тұрақтандыру қорына алынған ұн әлеуметтік нан пісіретін наубайханаларға төмен бағада беріліп, ресми статистикаға сәйкес бөлке нанның орташа бағасы 71,5 теңге. Әлеуметтік дүкендерде – нан 55 теңгеден», – деді Сейілбек Серғазыұлы.

Сондай-ақ, биыл кәсіпкерлік субъектілерге несие беру жаңа қағидасына сәйкес әлеуметтік нанның бағасын тұрақтандыру үшін ұн өндіруші кәсіпорындарға үздіксіз ұнмен қамтамасыз етуге, астық қорларын қалыптастыру үшін жергілікті бюджеттен 100,0 млн. теңге қаржы бөлініп тиісті ұн өндірілуде. Қазіргі таңда, облыс орталығында 26 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді. Жыл ішінде 20 дүкен салу жоспарлануда.
Төтенше жағдайға байланысты, тауарөндірушілер өнімдерін делдалсыз сату мақсатында барлық әлеуметтік дүкендерді тікелей тауар өндірушілерге және көтерме сауда субъектілеріне, жеке кәсіпкерлерге беру жұмыстары жүргізілуде. Мұнан өзге, әлеуметтік дүкендердегі өнімдердің бағасына апта сайын мониторинг жүргізіліп, тұрақты бақылауда тұр.

«Мониторинг бойынша нарықта картоптың орташа бағасы -120 теңге, жуа – 80 теңге, сәбіз – 100 теңге болса, әлеуметтік дүкендерде картоп – 83 теңге, жуа – 75 теңге, сәбіз – 82 теңгеден сатылып жатыр. Сондай-ақ, тұрақтандыру қорына қарасты, Қызылорда қаласындағы әлеуметтік дүкендерде наубайханалардың босату бағасында нан 55 теңгеден сатылса, макаронның килограмы 150 теңгеден, күріш 200 теңгеден, қант 170 теңгеден, бірінші сортты ұн 122 теңгеден және өсімдік майы литрі 340 теңгеден сатылуда.Қазіргі таңда, жұқпалы вирус ауруының (коронавирус) таралу қаупінің салдарынан өнімдердің тапшылығын (дефицит) болдырмау және АҚШ доллары курсының жоғарылауы салдарынан әлеуметтік маңызы бар тауарлардың нарықтағы бағасының қымбаттау қаупін алдын-алу үшін тұрақтандыру қорына қосымша қажетті 537,6 млн. теңгенің 3903 тонна өнім көлемдерін сатып алу жұмыстары жүргізілуде», – деді Сейілбек Серғазыұлы.

Оның ішінде, жалпы 242,9 млн. теңгені құрайтын 1 619 тонна азық-түлік өнімдерін сатып алуға келісім-шарт жасалған, оның 1000 тоннасы бірінші сортты ұн, 51 тонна өсімдік майы,68 тонна қарақұмық жармасы және 500 тонна күріш.
Сонымен қатар, 164,8 млн. теңгені құрайтын 2 089 тонна азық-түлік өнімдерін сатып алу үшін тауар өндірушілермен келіссөздер жүргізілуде, оның 134 тонна қант, 50 тонна макарон, 1000 тонна картоп, 500 тонна пияз, 300 тонна сәбіз, 100 тонна қырыққабат, 4 тонна тұз және 1 тонна сарымсақ.
Бұдан бөлек, жалпы 129,8 млн. теңгеге 195 тонна азық-түлік өнімдерін тауар өндірушілерден сатып алу шаралар атқарылуда. Оның ішінде, 100 тонна 2,5% сүт, 30 тонна 2,5% қатық,10 тонна сүзбе, 5 тонна сары май, 100 мың дана жұмыртқа, 20 тонна тауық еті, 20 тонна сиыр еті, 10 тонна қойдың еті.
Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен «Өңірлік инветициялық орталық» (РИЦ) арқылы 200,0 млн. теңге қаржыны заем негізінде беру бойынша жұмыстар жүргізілуде, ұсыныстар қаралуда.
Нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері нарықтан 20 пайызға дейін төмен бағада сатылу жоспарлануда.
Тұрақтандыру қорының өнімдерін сапалы сақтау үшін, сыйымдылығы 2000 тонналық көкөніс сақтау қоймасының құрылысы аяқталды, қазіргі уақытта қойма ішіне тауарлар кіргізілуде.
Жалпы тұрақтандыру қорының өнімдерін тұрғындарға тиімді бағада ұсынылып, нарықтағы өнімдердің бағасын тұрақтандыру бағытындағы атқарып жатқан шаралар өзінің оң әсерін беруде.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан ауыл шаруашылығы өнімдерін ел аумағына алып келуге және Қазақстан арқылы транзиттеуге шектеу енгізілмегендігі хабарланды.


17 наурыз 2020 ж. 45 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9602)

27 наурыз 2020 ж.

№22 (9601)

21 наурыз 2020 ж.

№21 (9600)

17 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031