» » Елімізде Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің өкілеттігі кеңейтілді

Елімізде Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің өкілеттігі кеңейтілді

Қазақстандағы бас санитар дәрігердің өкілеттігі кеңейтіледі. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық қызметті жетілдіру және COVID-19-бен күресу шараларын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы отырысында айтылды.
Отырысқа денсаулық сақтау Елжан Біртанов қатысты.
«Бас санитар дәрігер қаулы шығарып елдің барша аумағында шектеу шараларын енгізе алатын болады», – деп хабарлады министрлік.
Енді бұл үшін нормативтік-құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуден өткізу міндетті болмайды. 
«Қазіргі уақытта бұл қиындық тудырып отыр. Өйткені өзгеріс аптасына бір рет енгізіледі. Ал тіркеу процесі ұзақ уақытты талап етеді», – деді ведомствода.
Бас санитар дәрігер мемлекеттік шекара арқылы кіріп-шығуға шектеу енгізу құқығына ие болады.
Сондай-ақ, карантин аймақтарын бекіту, инфекция таралуынан қорғау аймақтарындағы эпидемияға қарсы шараларды толықтай үйлестіре алады.
02 мамыр 2020 ж. 121 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (9617)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (9616)

19 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031