» » Қазақстан мұнай өндіруді қысқартады

Қазақстан мұнай өндіруді қысқартады

Екі айдың ішінде мұнай өндіруді тәулігіне 9,7 миллион баррельге қысқартуды қарастыратын ОПЕК+ келісімі аясында Қазақстан өндіруді тәулігіне 390 мың баррельге азайтуға міндеттеме алды, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Әлемде және Қазақстанда мұнайға сұраныстың төмендеуі аясында мұнай қорларының едәуір профицитінің болуына байланысты биылғы жылдың екінші тоқсанында мұнай сақтау орындарының толып кету және қазақстандық кен орындарының авариялық тоқтау қаупі туындайды.
Осыған байланысты министрлік мамыр-маусым айларында мұнай өндіруді шектеу қажет болатын жер қойнауының жекелеген учаскелерінің тізбесімен бірге «Көмірсутектерді барлау және өндіру жөніндегі операцияларды және өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскелерін пайдалануға уақытша шектеулер енгізу туралы» Үкімет қаулысының жобасын әзірледі.
«Өндірісті шектеу орташа, ірі және алып кен орындары санатына жататын кен орындарына қолданылады. Аталған жер қойнауы тізбесіне экономикалық факторларға байланысты өндірудің табиғи төмендеуі күтілетін шағын және ұсақ кен орындары кірмеген. Бұл қаулы барлық Қазақстан Республикасының ішкі нарығының мұнай өнімдерінің қажетті көлеміне деген қажеттілігін қамтамасыз етуді ескере отырып, барлық өндіруші компанияларға кемсітушіліксіз көзқарасты, сондай-ақ ірі жобалар мен өндірудің табиғи төмендеуі кезеңінде тұрған байырғы кен орындары үшін мұнай өндіруді азайту жөніндегі міндеттемелерді әділ бөлуді көздейді» делінген хабарламада.
03 мамыр 2020 ж. 258 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 47

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930