» » Өзбекстанда Сардоба су қоймасындағы бөгеттің бұзылуына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Өзбекстанда Сардоба су қоймасындағы бөгеттің бұзылуына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Сардоба су қоймасындағы бөгеттің бұзылуынан болған су тасқынына байланысты Өзбекстанда қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.
Өзбекстан Бас прокуратурасы Telegram арнасының хабарлауынша, ӨР Қылмыстық кодексінің 207-бап 1-бөлігі (лауазымдық немқұрайлылық) мен 258-бап 2-бөлімі «б» тармағы (тау-кен, құрылыс немесе жарылыс қаупі бар жұмыстардың қауіпсіздік қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 
Сонымен қатар тергеу жұмыстарын жүргізу Өзбекстан Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі органдарына жүктелген. Айта кетсек, 1 мамыр күні Өзбекстандағы Сардоба су қоймасындағы бөгеттің бір бөлігінен су ағып, Өзбекстан Республикасы Сырдария облысындағы елдімекендерді су басты. Көршілес елдің облыс басшылары су қоймасындағы су көлемін азайту үшін су бағанын Қазақстанға бұрып жіберген. Соның салдарынан Қазақстан Республикасы Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы бірнеше шекара коллекторларына су толған. Су деңгейі көтерілгендіктен Мақтаарал ауданы шекарасындағы коллектордағы су тасыды. Өзбекстан Республикасы Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасы 2017 жылы пайдалануға берілген. 
Су қоймасының сыйымдылығы 922 миллион текше метр суды құрайды. Оның құрылысы 2010 жылы Оңтүстік Мырзашөл арналарының орталық желісі аймағында басталған. Еске сала кетейік, кеше Өзбекстанда Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып, елді мекендер, коммуникациялық желі, егістікке зақым келген. Соның салдарынан Түркістан облысында 4 ауылды су басып, 620 үй бүлінді. Мақтарал ауданында 2 мамырда түнгі 00:00-де төтенше жағдай жарияланды.
03 мамыр 2020 ж. 118 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 67

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930