» » Қызылорда: 11 мамырдан бастап қандай кәсіпкерлік нысандары жұмысын бастайды?

Қызылорда: 11 мамырдан бастап қандай кәсіпкерлік нысандары жұмысын бастайды?

Қызылорда облысы бас санитарлық дәрігерінің 10 мамырда № 12 қаулысы шықты. Қаулыға сай Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссия 11 мамырдан бастап кезең-кезеңімен жұмыс жасауға рұқсат берілетін салалардың және ұйымдардың тізімін бекітті.          
Тізімге сай, 11 мамырдан бастап төмендегі нысандар жұмыс жасайды:
1. Бөлек тұрған азық-түлік емес тауарларды сататын дүкендер (сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін);
2. Отырғызу орындардың санына сәйкес шектеулермен қоғамдық көліктер (сағат 07.00-ден 21.00-ге дейін);
3. Қоғамдық моншалар (сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін), бір мезетте:          - көлемі 100 шаршы метрге дейін 5 адамнан артық емес;          - көлемі 100 шаршы метрден жоғары 20 адамнан артық емес.
 4. Мәдениет нысандарының жұмысы (көрермендердің қатысуынсыз 30 жұмысшыдан аспауы тиіс);
5. Спорт нысандарының жұмысы (спортшылардың жаттығуы 30 адамнан аспауы тиіс);
 6. Сағат жөндеу шеберханалары, химиялық тазалау, фотосалондар, жарнамалық агенттіктер, сондай-ақ сұлулық салондары (барлық қызмет түрлері) (сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін);
7. Мал базарлары (сәрсенбі және сенбі күндері, сағат 04.00-ден 09.00-ге дейін);
8. Құрылыс материалдары базарлары (сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін); 9. Жұмыспен қамту орталықтары (сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін).   18 мамырдан бастап:
1. Балабақшалардың кезекші топтары;
2. Мәдениет нысандарының жұмысы (көрермендердің қатысуынсыз 50 адамнан аспауы тиіс);
3. Спорт нысандарының жұмысы (спортшылардың жаттығуы 50 адамнан аспауы тиіс);
 4. Халыққа қызмет көрсету орталықтары (алдын ала жазылу бойынша сағат 10.00-ден, 17.00-ге дейін) жұмыс жасайды.        
25 мамырдан бастап:
1. Қонақ үй кешендері, отелдер;
2. Сауда ойын-сауық орталықтары (футкорттар, балалардың ойын алаңдары мен кинотеатрлардан басқа);
 3. Балалар түзету (коррекции) кабинеттері (сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін);
 4. Ломбардтар (сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін) жұмысын жүргізе алады.
atameken.kz
11 мамыр 2020 ж. 135 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 63

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930