» » ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ

1943 жылдың көктемінде аудандық партия комитетінің секретары С.И.Кистанов аудан халқының атынан ВКП (б) Орталық Комитетінің Бас хатшысы, қорғаныс халық комиссары И.В.Сталинге телеграмма жолдайды. Онда «Қымбатты Иосиф Виссарионович! Ерлікпен алға басып бара жатқан Қызыл Армияның жеңістеріне рухтанған Жалағаш ауданының колхозшылары және колхозшы әйелдері...6 күннің ішінде «Қызылорда колхозшысы» атты танк колоннасын жасауға 1,5 миллион сом қаржы жинап, мемлекеттік банкіге өткізді. Бірсыпыра колхозшылар бұл іске белсене қатысты. Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты Айымгүл Ізтілеуова жолдас танк жасау қорына 105 пұт астық пен 25 мың сом қаржы берді. Ауданның колхозшы шаруалары...Қызыл Армия қорына 57 мың пұт күріш, 12 мың пұт астық, мемлекетке 4272 пұт ет өткізді...» деп ақпар береді.
Аудан еңбекшілерінің осындай ерлікке тән істері үшін 1943 жылдың сәуірінде С.И.Кистановтың атына Жоғарғы Бас Қолбасшы И.В.Сталиннен жеделхат келеді. Онда «...Қызылорда колхозшысы» танк колоннасын жасауға 1 млн. 500 мың сом ақша жинаған және Қызыл Армияның қорына 57 мың пұт күріш тапсырған Жалағаш ауданының колхозшылары мен қолхозшы әйелдеріне менің туысқандық сәлемімді және Қызыл Армияның алғысын тапсырыңыз» делінген.
12 мамыр 2020 ж. 131 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (9640)

11 тамыз 2020 ж.

№60 (9639)

08 тамыз 2020 ж.

№59 (9638)

04 тамыз 2020 ж.

Сұхбат

САЛАДА СЕРПІЛІС БАР
11 тамыз 2020 ж. 70

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31