» » COVID-19: БҮГІН 1 ЖАҢА ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ

COVID-19: БҮГІН 1 ЖАҢА ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 231-ге жетті. Бүгінгі күнге дейін сауығып шыққандар саны -1617. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
«Жаңадан анықталған науқас - 2 жасар бала. Ол коронавирус инфекциясымен науқастанған отбасы мүшесінен жұқтырған. Соңғы тәулікте барлығы 813 зертханалық сынама алынса, оның 805 сынамасы теріс мәнді болды. Біреуі- оң мәнді болса, Жетеуі- зерттелу үстінде. Қалдық тест - 4300», – деді Жақсылық Әбілқасымұлы.
Сондай-ақ, індет жұқтырғандармен байланыста болған– 3270 азамат анықталды. Оның ішінде, 1798-і жақын қарым-қатынаста, 1472-сі жанама байланыста болған.
Жалпы 22 сәуірден бері қарай COVID-19 инфекциясы 82 науқастан анықталған. Оның ішінде,
- 12-сі медицина қызметкерлері;
- жабық мекемелерді скринингтеген уақытта 2 науқас;
- 50 азамат қарым-қатынас арқылы;
- 7 азамат вахталық жұмыстан келгендер;
- 3 азамат блок посттардан тоқтатылып, тексеру барысында анықталғандар;
-6 науқас медицина ұйымдарындағы фильтр кабинеттерінен тұмау, пневмония белгілерімен шағымданғандардан;
- 2 азамат Ресейден келген студент.
Құрметті облыс тұрғындары, соңғы 19 күннің статистикасына қарағанда вирустың жұғу мүмкіндігі қарым-қатынас арқылы болып отыр. Вирус ауа тамшылары арқылы жұғатын болғандықтан, ол көбіне сулы ауада көп сақталады. Сондықтанда оқшауланып, шектеу шараларына мұқият болуға және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз.

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

12 мамыр 2020 ж. 83 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 63

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930