» » МӘМС жүйесінде «салықтық демалыстар» кімге көзделген?

МӘМС жүйесінде «салықтық демалыстар» кімге көзделген?

Шағын және орта бизнестің субъектілері 2020 жылдың 1 сәуірінен 1 қазанына дейін, ал ірі бизнестің кейбір субъектілері 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдерінен босатылды. Мұндай шараларды мемлекет төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлерге қолдау көрсету үшін қабылдады.

«Яғни, олар жұмыс беруші ретінде 2% мөлшерінде аударымдарды төлемейді, сондай-ақ өз қызметкерлерінің жалақысынан 1% жарналарды ұстамайды. Осылайша, 1 миллионға жуық азамат МӘМС ақы төлеуден босатылды – бұл осы салалардағы қызметкерлердің жалпы саны. Алайда, олардың барлығы қажетті медициналық көмекті толық көлемде алуы тиіс, олар үшің Қор төлейді», – деп хабарлады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.

Салықтар мен әлеуметтік төлемдерге «нөлдік» мөлшерлемені қолданатын субъектілердің тізімі бекітілді. Бұл сауда, көлік және техникалық қызметтер, білім беру, медицина, туризм, мейрамхана және қонақ үй бизнесі, ойын-сауық, бағдарламалық қамтамасыз ету және фитнес субъектілері.

Қаулыда көрсетілген санаттарға кірмеген бизнестің субъектілеріне МӘМС жарналар мен аударымдарды төлеу мерзімі 2020 жылдың 1 маусымына дейін шегерілді.(тізбе №1 қосымшада, №2 қосымшада көрсетілген)
Жеке кәсіпкерлер де жеңілдік алды. Оларға 2020 жылдың 1 қазанына дейін өз қызметкерлері үшін аударымдарды төлеудің және жалақыларынан жарналарды ұстаудың қажеті жоқ. Алайда, өзі үшін төлеу керек – төлеу мерзімі 2020 жылдың 1 маусымынан кейінге ұзартылған.
            «Заң жарналар мен аударымдардан бас тартуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан 1 қазанға дейін бизнестің субъектілерінде төленбеген кезең бойынша қарыз пайда болады. Осыған байланысты «босатылған» кызметкерлерге қарызды есептемейтін заңды нормасын енгізу туралы ұсыныстарға Қор бастамашылық болып отыр. Осы қиын кезеңде осылайша Қор азаматтарға қолдау көрсеткісі келеді. Қазір бұл өзгертулердің өңдеу жұмыстары жүргізілуде, оларды үкімет қарайды», - деп түсіндірді Қор филиалының басшысы.
Сонымен қатар, Қор БЖТ төлеушілер санының өсуін атап өтті, өйткені оны төлеу өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік жәрдемақы алу шарты болып табылады.
«Табыссыз қалған және ресми түрде жұмыс істемейтін азаматтар қала тұрғындары үшін 2 651 теңге және ауыл тұрғындары үшін 1 325 теңге көлемінде бірыңғай жиынтық төлемді жасап, жәрдемақы алу үшін өтінім беріп, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің мүшесі бола алады. Осыған байланысты БЖТ төлеушілердің саны 85 мыңнан (1 сәуірге дейін төлегендер) 1,8 миллион азаматқа дейін ұлғайды. Алайда, міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алу үшін төлемдерді үнемі жасап тұру керек (сақтандырылушының мәртебесін алу үшін кемінде 3 ай)», - деп Б.Исмаханбетов қосты.
Айта кетейік, қазір Қазақстанда сақтандырылмағандардың үлесі шамамен халықтың 15% құрайды. Алайда, 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін мүлдем барлық азаматтар шартты сақтандырылған болып саналады және медициналық көмекті толық көлемінде алуы тиіс.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі
13 мамыр 2020 ж. 62 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 67

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930