» » Қызылордада көлік ішінде ұйықтап жатқан полицейлер жұмыстан қуылды (видео)

Қызылордада көлік ішінде ұйықтап жатқан полицейлер жұмыстан қуылды (видео)

Бүгін Қызылорда облысында көлік ішінде ұйықтап жатқан полицейлердің видеосы әлеуметтік желілерде таралып, қызу талқыланған болатын. Артынша Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі олардың жұмыстан шығарылғанын мәлімдеді.
Аталған департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 14 мамыр күні «Whatsapp» арқылы тараған қызметтік автокөлік ішінде ұйықтап жатқан екі полиция қызметкері туралы бейнежазба бойынша Қызылорда облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен тексеру жұмыстары жүргізілген.

«Жедел түрде Департаменттің Тәртіптік Кеңесінде Әдеп кодексінің талаптарын бұзған екі қызметкердің және оларға тікелей жетекшілік жасайтын басшыларының жауапкершілігі қаралды. Тәртіптік Кеңес шешімімен Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі бөлімінің патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторлары полиция капитаны О.Қарабалаев және полиция лейтенанты М.Махмудов ішкі істер органдарынан шығарылды. Сонымен қатар, қызметкерлердің тікелей басшыларына қатаң тәртіптік жаза қолданылды», – деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
14 мамыр 2020 ж. 270 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (9617)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (9616)

19 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031