» » COVID-19: Қызылордада соңғы тәулікте 1 науқас тіркелді

COVID-19: Қызылордада соңғы тәулікте 1 науқас тіркелді

Бүгінгі таңда облыс бойынша вирус жұқтырған 246 науқас. Барлығы бақылауда. Ал емделіп шыққан адам 200-ге жетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
«Коронавирус инфекциясымен 1 науқас анықталды. Ол облыстық көпбейінді аурухананың фильтр кабинетінің қызметкері. Облыс бойынша қазіргі таңда індет жұқтырғандардың 50-і медицина қызметкері. Жалпы соңғы тәулікте 12 науқас емделіп шығып, есеп 200-ге жетті. Оның ішінде 34-і медицина саласының қызметкері»,-деді бас дәрігер.Коронавирус инфекциясы анықталған азаматтармен байланыста болған – 3343 азамат, оның тікелей қарым-қатынаста болғаны –1869, жанама қарым-қатынаста болғаны – 1474 азамат.
Облыс бойынша 16 мамыр күні барлығы 560 сынама алынды. Нәтижесінде 559-ы теріс мәнді, 1-уі оң мәнді. Қалдық текст-3464.
17 мамыр 2020 ж. 18 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (9617)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (9616)

19 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031