» » Қызылордада пойыз билеттері сатылып жатыр

Қызылордада пойыз билеттері сатылып жатыр

 1 маусымнан бастап жолаушылар пойызының жұмысы кезең-кезеңімен жанданады, билет сатылымы басталған алғашқы күнде 23 мың билет сатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«15 мамырдан бастап теміржол билеттері барлық сатылым каналдарына – билет кассаларына, интернет-ресурстар мен автоматтарға шығарылды. Республика бойынша 179 билет кассасы күндіз жұмысқа шықты. Олардың жұмыс кестесін ресми сайттарынан көруге болады», – деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ Маркетинг және сатылым департаментінің директоры Алмас Айтбаев.
Қауіпсіздік мақсатында қазақстандықтарға билетті онлайн сатып алу ұсынылған.

«Сағат 14:00-де республика бойынша 23 мың билет сатылды. Пойыз билеттері Атыраудан басқа барлық өңірлерге сатылуда. Өйткені Атырауда карантин шаралары жеңілдеген жоқ. Төтенше жағдайға дейін билет сатумен айналысқан 14 сайттың барлығы жұмыс істеп тұр. Тарифтік саясат та өзгеріссіз қалды», – деді ол.
16 мамыр 2020 ж. 279 0

№75 (9755)

21 қыркүйек 2021 ж.

№74 (9754)

18 қыркүйек 2021 ж.

№73 (9753)

14 қыркүйек 2021 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930