» » МЕДИЦИНА – ХАЛЫҚ САУЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

МЕДИЦИНА – ХАЛЫҚ САУЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

Медицинасы дамыған елдің болашағы жарқын болмақ. Өйткені медицина дамыса, елдің денсаулығы жақсарады, осылайша қоғам дамиды. Дамыған елдердің тәжірибелерін меңгеру арқылы озық елдердің қатарына енуді мақсат тұтқан еліміз соңғы жылдары денсаулық сақтау саласына аса мән беріп келеді. Нәтижесінде жыл сайын салада өзгерістер орын алып, тіпті шалғай аудандардағы емханаларға заманауи аппараттар үлестірілуде. Ал мемлекеттің басты байлығы адам десек, әрбіріміздің денсаулығымызды бақылайтын ақ халатты абзал жандардың қоғам алдындағы еңбегі еселі.


Халық үшін ең маңызды сала – денсаулық сақтау саласында біраз жетістік, ауқымды шаралар жасалды. Соңғы жылдарда апатты жағдайдағы ғимараттардың орнына жаңадан денсаулық сақтау нысандары салынды. Сонымен бірге облыста алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарының бірқатары жаңғыртылған. Облыс экономикасын қар­қынды дамытуда біздің аудан да шет қалып отырған жоқ. Денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық жағдайын қамтамасыз ету мақсатында ауданда 2018 жылы Жаңадария, Бұқарбай батыр және аудандық емхананың шұғыл бөліміне жедел-жәрдем автокөліктері пайдалануға берілді. Сонымен қатар Бұқарбай батыр, Аққұм және Дәуімбай елді мекеніндегі дәрігерлік емханаларға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалағаштықтарды қуантқан жағымды жаңа­лықтардың көш басында аудандық аурухана құрылысының басталуы болды. Бұл ауданға қажетті нысандардың ең маңыздысы екенін бәріміз білеміз. Құрылысы жүріп жатқан типтік жобадағы үш қабатты аурухана терапия, хирургия, реанимация, босану-гинекология, қан алу сияқты бірнеше бөлімді қамтиды. Жаңа аурухана салу қажеттілігі оң шешімін тапқанына ең алдымен, аудан халқы дән риза. Ауқымды жұмысты құрылыс саласындағы тәжірибелі компания – «Әбу-Сер» ЖШС қолға алып, осы жылы ел игілігіне ұсынуды көздеп отыр.

Бұған дейін ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді болуы үшін жағдай жасалды. 2015 жылы аудан орталығынан жаңадан типтік жобадағы емхана бой көтеріп, пайдалануға берілді. Үш қабатты ғимарат заман талабына сай жаңа медициналық құрылғылармен жабдықталған. Ауысымына 250 келушіге қызмет көрсетуге толық мүмкіндік жасалған. Емханада аудан жұртшылығын спирография, электроэнцефалография, холтерлік мониторлау тексерулерінен өткізу де қарастырылған. Заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген емханадағы қызмет көрсету сапасы бұрынғыдан едәуір жақсарған әрі барлығы қолжетімді. Орталық ауруханада да дәрігерлердің жұмысын жеңілдету үшін, оларға тез әрі дұрыс шешім қабылдауға септігін тигізетін медициналық аппараттар жеткілікті. Электролиттерді жедел анықтайтын аппарат арқылы қан құрамына талдау жасалады. Бұл аппараттың тиімділігі сонша, 2-3 секунд ішінде қажетті ақпаратқа қол жеткізуге болады. Одан соң науқасты өкпені жасанды желдету аппаратымен демалдырып, тыныс алуын тоқтатуынан сақтандырады. Өздеріңізге белгілі, былтырғы жылға дейін емханаға келушілер медициналық кітапшасын арқалап, кезекке тұрып жүретін. Содан соң дәрігердің қорытындысын кітапшасына жазып бергенше тағы күтетін. Бұл уақыт шығынын келтірсе, бір жағынан кей науқастардың денсаулықтарына кері әсер ететін. Қазір бұл қиындық артта қалды. Барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуде. Денсаулық сақтау саласын цифрландыру, заманға сай аппараттармен толықтыру халыққа тиімді әрі сапалы қызмет көрсетуге жол ашуда.

Ең алдымен, медициналық қызметтердің сапасын арттыру электронды денсаулық сақтауды дамытуды және қағазсыз жұмыс процесіне көшуді талап етеді. Бұл бағытта біраз уақыттан бері мекеме «Кезексіз ем­хана» принципімен жұмыс жасауда. Бұл қағиданың негізінде дәрігерге алдын ала жазылу, қағазсыз техно­ло­гияларды дамыту, кезектерді азайтуға мүмкіндік туады. Қазіргі таңда емханаға тіркелген аудан халқына орталық аурухана, емхана, 2 ауылдық аурухана, 12 дәрі­герлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік бекет, 3 медициналық бекет қызмет көрсетеді. Былтыр аудан­ның денсаулық саласында біршама жұмыс атқа­рылған.


Ауданның медицина саласын дамыту жолында жасалған ауқымды жоспарлар да баршылық. Мәселен, ана мен бала және ұрпақты болу жасын­дағы әйелдердің денсаулығын қорғау жұмысын жандандыру, ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру мақса­тында енгізілген «Эффективті перинаталды технологиясы» және БШАЫЕ бағдарламалары әрі қарай жалғастыру, пилот­тық патронаждық қызметтің жұмысын жан­дандыру, сәби өлімін төмендету және алдын алуға бағытталған қысқа мерзімді жоспармен жұмыс жасау, емдеу-диагностикалық жұмыстарын халық­аралық стандарттар­ға сәйкестендіру мақсатын­да аудан бойынша медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктіліктерін жетілдіру және мастер-класс тәжірибесін тиімді пай­далану, емдеу және алдын алу ұйымдарының материалдық-техни­ка­­лық базасын нығайту, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау минис­трлігі қабылдаған Меморандумға байланысты негізгі көрсеткіштер индикаторларын жоғары нәтижелерге жеткізу, аудан тұрғындарына медици­налық қызмет көрсету сапасын арттыру, аурудың алдын алу шараларын жүргізу, ол үшін сала аралық қызметтерді жандандыру, бұқаралық ақпарат құрал­дарымен бірлесе отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау жұмыстарын жалғастыру, цифрлы Қазақстан бағытында мекеме жұмысын толығымен біріктірілген ақпараттандыру жүйесіне енгізу арқылы қағазсыз мекеме принципімен жұмыс жасауды жандандыру, пациент мүддесіне негізделген «Ақылды емхана» «Ақылды стационар» принципімен жұмыс ұйым­дас­тыру көзделуде.

Нұржамила Алмасқызы
19 мамыр 2020 ж. 62 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 67

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930