» » Қазақстанда коронавируспен күресіп жүрген азаматтарға медаль табысталатын болды

Қазақстанда коронавируспен күресіп жүрген азаматтарға медаль табысталатын болды

Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы күресте ерекше көзге түскен қазақстандықтар «Халық алғысы» медалімен марапатталатын болды. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 






медаль




«Халық алғысы» медалі белгіден және тағаннан тұрады.
Медальдің белгісі алтын түстес жезден жасалған диаметрі 32 мм дұрыс шеңбер болады.
Медальдің беткі жағында (аверсте) бірінші көріністе «Birgemiz» логотипінің бейнесі жасалған. Медальдің жоғарғы жағында ұлттық ою-өрнек орналасқан. Медальдің төменгі жағында «Халық алғысы» деген жазу бар.
Медальдің артқы жағында (реверсте) шетін бойлай ұлттық ою-өрнек орнатылған. Ортаңғы бөлігінде «Қазақстан Республикасы 2020» деген жазу бар.
Медаль алтын түстес жезден жасалған құлақша мен шығыршық арқылы ені 32 мм өлшемді тікбұрышты тағанмен жалғасады. Ортаңғы бөлігінде ұлттық ою-өрнек орналастырылған. Тағанның түсі ашық көк түспен құйылған.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медальдің шеттері бүйірлермен шектеседі. Тағанның сыртқы жағында бұйымды киімге бекітетін визарлы бекіткіші бар түйреуіш орналасқан. 
«Халық алғысы» медалімен наградтау қағидалары:
1. Осы қағидалар «Халық алғысы» медалімен (бұдан әрі – медаль) наградтау тәртібін регламенттейді.
2. Медальмен коронавирустық инфекцияға қарсы күресте ерекше көзге түскен Қазақстан Республикасының азаматтары наградталады.
3. Медальмен наградтауға ұсыныстарды Қазақстан Республикасының президентіне Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары, үкіметі, Конституциялық кеңесі, жоғарғы соты, министрліктері, өзге де орталық мемлекеттік органдары, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер енгізеді.
4. Медальды Қазақстан Республикасының президенті тапсырады.
Медальды Қазақстан Республикасы президентінің атынан және оның тапсырмасы бойынша:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы;
2) Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері, сондай-ақ Мемлекет басшысы уәкілеттік берген өзге де лауазымды адамдар тапсыра алады.  
5. Медальды тапсыру салтанатты жағдайда жүргізіледі және наградталушының жеке өзіне тапсырылады. Тапсыру алдында Қазақстан Республикасы президентінің наградтау туралы жарлығы жария етіледі.
6. Әрбір наградталушыға медаль тапсырумен бір мезгілде тиісті куәлік беріледі.
7. Медаль кеуденің сол жағына тағылады, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары болған жағдайда олардан кейін орналасады.
8. Медальдың тапсырылғаны туралы белгіленген нысандағы хаттама толтырылады, ол медаль тапсырған адамның қол қоюымен және тапсыру жүргізген органның мөрімен бекітіліп, Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігіне жіберіледі.
9. Жүргізілген наградтаулардың есебін, сондай-ақ медальдардың тапсырылу барысы туралы есептілікті Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі жүргізеді.
19 мамыр 2020 ж. 136 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 67

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930