» » Облыс әкімінің Мақпалкөлдегі сапары ауыл мектебінде жалғасты

Облыс әкімінің Мақпалкөлдегі сапары ауыл мектебінде жалғасты

Облыс әкімі Мақпалкөлдегі алма бақ жұмысымен танысқаннан кейін күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан ауылдағы білім ошағына барды. Мұнда құрылысшылармен кездесіп, барынша сапаға мән беру қажеттігін назарға салды.

Айта кетейік, бұл ауылдағы мектептің ғимаратына қатысты мәселе осыған дейін бірнеше рет айтылған болатын. Елді мекендегі білім ошағына 1987 жылдан бері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Биыл қазынадан қаражат қаралып, оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасалмақ. Қазіргі таңда мектептің күрделі жөндеуіне қатысты құрылыс жұмыстары басталып кетті. Көне нысанның ескі шатырлары түсіріліп, ішкі жұмыстар да қарқынды жүріп жатыр.
Ауылдық елді мекенге аймақ басшысының іс-сапары барысында ауыл әкімі Бауыржан Тұңғышбаев Гүлшара Наушақызына елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндады. Сондай-ақ ол осыған дейін жол сапасын жақсарту мақсатында ауылда бірнеше көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілгенін жеткізіп, биыл қолға алынатын жобаларды да тілге тиек етті.

«ЖЖ» ақпарат
22 мамыр 2020 ж. 143 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 67

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930