» » ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАЛАҒАШТАҒЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚҚА БАРДЫ

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАЛАҒАШТАҒЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚҚА БАРДЫ

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіхалықова Жалағаш ауданының индустриялық аймағында орналасқан «Өркен Әлем» тігін цехының жұмысымен танысты.

Жалпы құны 38,2 млн теңгені құрайтын бұл жобаға 2016-2017 жылдары «Серпін» индустриалды өндіріс аймағынан 1 гектар жер телімі берілген болатын. Арнайы киім тігу шеберханасында қысқа мерзімді тегін кәсіптік білім беру бағдарламасы аясында 15-ке жуық адам тігінші мамандығын оқып, қазіргі таңда тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Серіктестік бүгінде түрлі тауар өндіруден бөлек арнайы мемлекеттік тапсырыспен әскери киімдер тігеді. Әскерилердің үстіндегі киімдер барынша ыңғайлы, төзімді және кез келген ауа райына қолайлы болуы тиіс. Сондай-ақ адамның қимыл-қозғалысын шектемей, еркіндікті қамтамасыз етуі керек. Тігін орталығы да осы ережелерге сай, сапасы сын көтеретін тауар дайындауда.
Айта кетейік, Серіктестік ұжымы қайырымдылық шараларынан да қалыс қалмайды. Кешегі төтенше жағдай кезінде ауданда бірнеше мың бетперде тігіп, тұрғындарға тегін таратқан болатын. Мұндағы тігіншілердің өндірген тауарымен танысқан аймақ басшысы кәсіпорынның алдағы жұмысына да сәттілік тіледі.

«ЖЖ» ақпарат
22 мамыр 2020 ж. 133 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 49

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930