» » АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ


8 - наурыз Халықаралық әйелдер күнi мерекесi қарсаңында «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалының мәжіліс залында мерекелелік қабылдау болып өтті.

Шараны партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева ашып, аналарымыздың шаңырақ отын маздатып, өңір дамуына өлшеусіз үлес косып келе жатқандығына тоқтала келе, өзінің мерекелік құттықтауын жеткізді:
Сұлулық пен нәзіктіктің иесі - Сіздерді осынау мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Әйел, отбасы, қоғам бұл үшеуі өзара тығыз байланысты. Әйел - ең алдымен, ұрпақ бақытына, өз шаңырағына, сондай-ақ, Отанымыздың болашағына жауапты тұлға. Елбасының «Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды» деген сөздері ананың қадірін біліп, асыл қасиетін түсінуге үндейді, мемлекет және қоғам болып аналарымызды алақанға салып аялауға шақырады. Бүгінгі мерейлі мереке қарсаңында дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін.
Осы жиынға келе алмаған аналарды құрметтен тыс қалдырмай, арнайы құттықтау жасайтын боламыз, - деп қорытындылады өз сөзін Қаншагүл Мұстафаева.
Мерекелік шара барысында жаңадан партия қатарына қабылданушыларға партиялық билеттер табысталып, ерен еңбек етіп, ауданның әлеуметтік экономикалық өсуіне өзіндік үлес қосып жүрген бір топ партия белсенділерін облыстық, аудандық партия филиалдарының Алғыс хаттарымен марапаттады.
06 наурыз 2018 ж. 434 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

№69 (9545)

03 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30