» » Қызылордада жас жұбайлар той кортежіне жұмсалатын ақшаны мұқтаж жандарға берді (фото)

Қызылордада жас жұбайлар той кортежіне жұмсалатын ақшаны мұқтаж жандарға берді (фото)

Бүгін Қызылорда қалалық “Айтбай” мешітінде ақ некелерін қидырған Төлеби Есенжолұлы мен Нұрбану Абызқызы қаржыларын кортежге емес, қайырымдылыққа жұмсап, игі істің өнегесін көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы туралы қалалық мешіттің наиб имамы Қайырбек Отызбаев Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
“Биылғы жылды Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазрет “Ислам жəне отбасы жылы” деп жариялаған болатын. Ондағы мақсаты – жас отбасыларға жанұяның құндылығын түсіндіріп, отбасы ынтымағын арттыру болатын. Міне, осыған амал жасап жатқан қос жұп Алла үйінде некелерін қиып қана қоймай, сіздерге айтарлықтай қайырымдылық көмегін көрсетуде”, – дейді мешіттің бас имамы Нұржан Пірəліұлы.
Мұнан соң жас жұбайлар шын жүректен “Жүрек жылуы” қайырымдылық шарасы аясында жеті бірдей отбасыға азық-түлік пакеттерін өз қолдарымен үлестірді.
11 наурыз 2018 ж. 770 0