» » МОБИЛЬДІ ТОП РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫН ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗУДЕ

МОБИЛЬДІ ТОП РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫН ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗУДЕ

Бүгінгі таңда Жалағаш ауданында індеттің алдын алу, таратпау мақсатында жұмыстар жүргізілуде.
Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында аудан әкімдігі жанынан құрылған 3 мобильді топ күндіз және түнгі мезгілде рейд жұмыстарын тұрақты жүргізуде.

Рейд барысында кәсіпкерлік нысандар оның ішінде дүкендер, дәмханалар және өзге де қоғамдық тамақтану орындары, көлік жуу орталықтары, таксисттер тұрағының күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауы, жұмыс уақыттары тексеріліп, саудагерлер мен тұрғындарға қоғамдық орындарда коронавирус инфекциясын жұқтырмау үшін қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға кеңес беруде.

Тексеріс жұмыстарының нәтижесінде қойылған талаптарға бағынбаған кәсіпкерлерге заңдылыққа сәйкес шара көрілуде.

Сонымен қатар бүгін аудан жастары халық көп шоғырланатын бірнеше орындарға індеттің алдын алу, сақтық шараларын барынша сақтау бағытындағы 15 дана плакат ілді.

Айта кету керек, бүгінгі күнге дейін 200-ге жуық кәсіпкерлік нысанға мобильді топтар тарапынан тексеру және түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 3 дүкен иелеріне карантиндік тәртіпті бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 425 бабына сәйкес айыппұл салынды.

Барша аудан тұрғындарын енгізілген шектеулерді қатаң сақтауға шақырамыз.

29 шілде 2020 ж. 84 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№53(9632) 14

14 шілде 2020 ж.

№52 (9631)

11 шілде 2020 ж.

№51 (9630)

08 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31