» » ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ МҰРАТ БАҚТИЯРҰЛЫ ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БОЛДЫ

ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ МҰРАТ БАҚТИЯРҰЛЫ ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БОЛДЫ

Бүгінгі жұмыс сапары барысында аудан әкімі Асылбек Шәменовпен Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстармен, аудандағы коронавирус инфекциясының алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Мұрат Бақтиярұлы ең алдымен Мақпалкөл ауылдық округіндегі №117 орта мектепке жұмыспен қамту жол картасы аясында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен, ауылдық округтегі «Құрманбай ата» шаруа қожалығының алма бақ жұмысымен, «Ер-Әлі» шаруа қожалығының күріш алқабымен танысты.

Сондай-ақ, Мұрат Бақтиярұлы М.Шәменов ауылында жаңадан салынған 140 орындық мектептің құрылысымен танысты. Мектеп толық пайдалануға дайын. Жаңа оқу жылына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Сенат депутаты Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында А.Бисенов көшесіне жүргізіліп жатқан орташа жөндеу, ескі емхана ғимаратын балабақша етіп реконструкциялау, орталық алаңда және Мәдениет және өнерді дамыту орталығы ғимаратына жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты.

Мұрат Бақтиярұлы ауданға жұмыс сапары барысында аудан тұрғындары үшін қажетті нысандардың бірі аудандық аурухананың құрылысымен және кенттегі газ жүргізу жұмыстарымен танысып, жетіспеген қаражатты республикалық бюджеттен бөлдіруге ықпал жасайтынын айтты.

Аудандағы коронавирус инфекциясының алдын алу және таратпау бағытындағы жұмыстармен де танысып, аудандық ауруханада мобильді топ мүшелерімен, медицина қызметкерлерімен кездесті.

29 шілде 2020 ж. 90 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№53(9632) 14

14 шілде 2020 ж.

№52 (9631)

11 шілде 2020 ж.

№51 (9630)

08 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31