» » Облыс әкімі Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Облыс әкімі Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Құрметті жерлестер!
Қадірлі әлеумет!
Баршаңызды мұсылман қауымының ұлық мерекесі – қасиетті Құрбан айт мейрамымен Сыр жұртшылығы атынан шын жүректен құттықтаймын. 
– Бүгінде елімізде түрлi ұлт өкілдері мен конфессиялар тату өмiр сүруде. Олардың арасындағы достықтың нығаюы және дiни жоралғылардың өз дәрежесiнде жүргізілуі Конституциялық заңдылықпен қорғалған.Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Құрбан айт – күллі мұсылман қауымын бейбітшілік пен татулыққа, өзара түсіністікке шақыратын қасиетті мейрам», – деген болатын.
Құрбан айт мерекесі елдің береке-бірлігін бекемдеп, халықты қанағат пен қайырымдылыққа шақыруда өлшеусіз үлес қосып келеді.
Құрметті әлеумет!
Осындай ізгі ниетіміз бен амалдарымыздың, тұтастығымыз бен бірлігіміздің арқасында бір-бірімізге және жақынымызға жанашырлықпен қарап, бүгінгі қатерлі дертке қарсы тұрудамыз.Елде белең алған індеттің алдын алу, қаупін сейілту үшін діни ғибадатханалардың уақытша жабылуына түсіністікпен қарап, имандылық иірімдерін үйінде, отбасында өткізіп жатқан аймақ тұрғындарына алғысым шексіз.
Құрбан айт мерекесінде де жақындарымыздың амандығы мен саулығы үшін көпшілік шаралардан бас тартып, жамағат болып жиналмай, отбасында мерекелеуге шақырамын.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай: «Бәлкім, бұл біздің бірлігімізді байқау үшін берілген сынақ шығар. Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ұйымдаса білсек, бұл сыннан да өтерміз».
Қасиетті күндердегі ізгі амалдарыңыз бен ниеттеріңіз қабыл болсын!Құрбан айт әрбір отбасына амандық, денімізге саулық, елімізге бірлік пен ынтымақ әкелсін.
Жақындарымызға жанашыр болайық.
Құрбан айт құтты болсын! – деді облыс әкімі.
31 шілде 2020 ж. 131 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№53(9632) 14

14 шілде 2020 ж.

№52 (9631)

11 шілде 2020 ж.

№51 (9630)

08 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31