» » АУДАН ӘКІМІ ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

АУДАН ӘКІМІ ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді әлемнің барша мұсылмандарының ұлық мерекесі – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Құрбан айт мейрамы – ежелден мұсылман қауымының бейбітшілік, бірлік, мейірімділік сияқты адамгершілік құндылықтарды нығайтатын, елдің береке-бірлігін бекемдейтін, қанағат пен қайырымдылықты арттыратын мейрам.
Бұл күндері исі мұсылман баласы Алла Тағалаға сыйынып, ел тыныштығы мен халық бірлігін, отбасының амандығын тілейді, жетім-жесірлерге, жоқ-жітікке қайырымдылық көрсетеді, бір-біріне ізгі тілектерін жолдап, имандылыққа шақырады.
Тәуелсіздік алғалы бұл мереке мемлекеттік деңгейде ерекше құрметпен аталып келеді. Биылғы жылы еліміздегі ахуалға байланысты құрбан шалу онлайн форматта жүзеге асырылуда. Құрбан шалу кісіні шүкіршілік пен тәубаға, аманатқа адалдық пен сертке беріктікке шақырады. Жасап жатқан жоралғыларыңыз қабыл болып, барлық тілектеріңіз орындалсын.

Қадірменді жерлестер!
Алла Тағала баршамызға береке-бірлік, ынтымақ пен бейбіт өмір сыйласын.
Құрбан айт құтты болсын! Ізгі ниеттеріңіз жақсылықтың бастауы болсын!

Құрметпен, аудан әкімі А.Шаменов


31 шілде 2020 ж. 157 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№53(9632) 14

14 шілде 2020 ж.

№52 (9631)

11 шілде 2020 ж.

№51 (9630)

08 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31