» » Еліміздің 11 өңірінде ескерту жарияланды

Еліміздің 11 өңірінде ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің 11 өңірінде күн бұзылады. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі ескерту жариялады.
23 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында жел екпіні – секундына 15-20 метр.
Ақмола облысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, тұман түсіп, жел күшейеді. Жел қарқыны – секундына 15-20 метр, тіпті 28 метрге дейін жетеді.
Бүгін Ақтөбе облысында желдің күші – секундына 15-20 метр, екпіні – секундына 23 метрге дейін болады.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жел қарқыны – секундына 15-20, кей жерлерде 25 метр.
23 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында жел жылдамдығы – секундына 15-20 метр, кей жерлерде тұман түседі.
23 қыркүйекте Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түсіп, жел екпіні секундына 15-20 метр, тіпті 25 метрге дейін жетеді. Түнде кей жерлерде жердің бетінде 1-3 градус үсік жүреді.
Бүгін Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі, найзағай жарқылдап, дауыл тұрады. Бұршақ жаууы мүмкін. Желдің күші – секундына 15-20 метр, екпіні – секундына 25 метрге дейін.
23 қыркүйекте Қызылорда облысында күшті жел соғады. Қарқыны – секундына 15-20 метр. Өрт қаупі өте жоғары.
Бүгін сондай-ақ Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі.
23 қыркүйекте Павлодар облысында кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Жел жылдамдығы – секундына 15-20 метр, екпіні – секундына 28 метрге дейін күшейеді.
Бүгін Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, күн күркіреп, дауыл соғады. Бұршақ жауады, тұман түседі. Жел қарқыны – секундына 15-20 метр, кей жерлерде – секундына 28 метр болады.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды ауа райының өзгерістерін бақылауға шақырады. Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтау маңызды.
23 қыркүйек 2020 ж. 102 0