» » Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 26-28 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Арктикалық суық ауа массаларымен Солтүстік антициклон Қазақстанның солтүстік және шығыс бөлігіндегі ауа температурасының күрт төмендеуін тудырады. Термометр бағандары 35-42 градус аязға жетеді. Аяз күшейіп, елдің басым бөлігінде күннің салқындауына әкеледі.
Тек республиканың батыс өңірлеріне 27 желтоқсаннан бастап жылу мен ылғалдың үлкен қорымен Атлантикалық циклон ауыса бастайды. Ол жауын-шашын, кей жерлерде қатты (көбінесе қар), желдің күшеюі мен жаяу бұрқасын және ауа температурасының күндізгі уақытта 0-5 градус аязға дейін, кей жерлерде 0-5 жылыға дейін қысқа мерзімді көтерілуін әкеледі. Сондай-ақ республика бойынша кей жерлерде тұман, батыста және оңтүстікте көктайғақ күтіледі. 
25 желтоқсан 2020 ж. 75 0

№75 (9755)

21 қыркүйек 2021 ж.

№74 (9754)

18 қыркүйек 2021 ж.

№73 (9753)

14 қыркүйек 2021 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930