» » Келесі аптада вакцина салдырғандар Ashyq қосымшасында "жасыл" мәртебеге ие болады

Келесі аптада вакцина салдырғандар Ashyq қосымшасында "жасыл" мәртебеге ие болады

Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин келесі аптада барлық вакциналанған қазақстандықтарға Ashyq қосымшасында "жасыл" мәртебе берілетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


"Келесі аптаның басында бізде барлық вакцинацияланған адамдар Ashyq қосымшасында жасыл мәртебеге ие болады деген жоспар бар", - деді Мусин ОКҚ онлайн брифингінде.

Оның айтуынша, денсаулық сақтау министрлігімен бірлескен жұмыс жүріп жатыр.

Бұған дейін қазақстандықтар коронавирустық вакцинаның екінші дозасын қабылдағаннан кейін бір жыл ішінде "жасыл" мәртебеге ие болады деп хабарланған болатын. Вакцинация жүйелері мен Ashyq интеграциясын 1 шілдеге дейін аяқтау жоспарланған.
03 маусым 2021 ж. 64 0