» » Токио Олимпиадасы мен Паралимпиадасының шығыны қанша?

Токио Олимпиадасы мен Паралимпиадасының шығыны қанша?

Токио Олимпиадасы мен Паралимпиадасының шығыны қанша?Халықаралық Олимпиада Комитетінің (ХОК) президенті Томас Бах Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындары мен Паралимпиаданың шығынын атап өтті. Сондай-ақ барлық құрама спортшылары керек-жарақпен толық қамтамасыз етілгенін тілге тиек етті.

Токиодағы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына 1,7 миллиард доллар шығындадық. Қатысушылар мен ұлттық құрамаларды толық қамтамасыз етіп отырмыз. Біз тек айтпаймыз, ісімізбен көрсетеміз, - деді Бах.

Айта кетейік, жазғы Олимпиада ойындары 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді. Паралимпиада ойындары 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығына жоспарланған.

21 шілде 2021 ж. 370 0