» » Сара Назарбаева институт ашпақ

Сара Назарбаева институт ашпақ



Сара Назарбаева Адамның үйлесімді дамуы институтын ашады, деп хабарлайды «КТК» телеарнасы.

Ертең тұсауы кесілетін институтта еліміздегі бүкіл жастың тұлға ретінде қалыптасуына қолдау көрсетіледі. Бұл бүгін Сара Алпысқызының қоғамдық бастамаларын талқылауға арналған онлайн-конференцияда белгілі болды.

«Үміт үйлері тағдыр тәлкегіне тап болған жас аналарға теңдесіз қолдау болды. Жоба елімізде тастанды бала болмауын мақсат қылып қойды. Бұл үйлерде баланы уақытша қалдыруға болады. Әрі ана сәбиін қалаған кезде көре алады. Ал аяғынан тұрғанда оны алып кетеді. Елімізде осындай үйлер барын көпшілікке жеткізуіміз керек. Әрі бұл жоба тиісті бағасын алса екен»,-деді мемлекет және қоғам қайраткері Зағипа Балиева.

Айта кетейік, тұңғыш президенттің зайыбы «Өзін-өзі тану» атты балаларға рухани-адамгершілік білім беру және тәрбие беру идеясының авторы болып табылады.
22 шілде 2021 ж. 2 549 0