» » Жаңа қызметке тағайындалған Ерлан Әмірханұлын әріптестері құрметпен шығарып салды

Жаңа қызметке тағайындалған Ерлан Әмірханұлын әріптестері құрметпен шығарып салды


Аудан әкімінің орынбасары Бәкіров Ерлан Әмірханұлын әріптестері жаңа қызметке ауысуына байланысты сәттілік тілеп, шығарып салды.

Жиында аудан әкімі Асылбек Шаменов Ерлан Әмірханұлының еңбек жолына тоқталып, ауданда қызмет жасаған жылдары экономика, қаржы, салық, кәсіпкерлік салаларын дамытуға зор үлес қосқанын атап өтті.

- Бәкіров Ерлан Әмірханұлының басшылығымен ауданға мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында несие грант қаражаттарын тартуға, жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің үлесін ұлғайтуға, сондай-ақ аудан бойынша жұмыссыздық деңгейін түсіру бағытында үлкен жұмыстар атқарды.
Сонымен қатар, аудан кәсіпкерлерін ұйымдастырып, тұрмысы төмен, қолдауды қажет ететін отбасыларына жәрдем беру, көмек көрсету жұмыстарын жүргізді.
Өзінің іскерлігі мен біліктілігінің арқасында сеніп тапсырылған экономика, қаржы, салық, кәсіпкерлік салаларына басшылық жасап, ауданның әлеуметтік және экономикалық әлеуетінің артуына сүбелі үлесін қосты, - деді Асылбек Өмірбекұлы.
Сондай-ақ, ауданның даму жолында жемісті еңбек еткені үшін алғыс білдіріп, ауданның «Құрмет Грамотасын» табыстады.

Ерлан Әмірханұлын Жалағаш аудандық "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Мұстафаева жаңа қызметімен құттықтап, аудан әкімінің орынбасары қызметінде жемісті еңбек еткенін атап өтті. Ерлан Бәкіровке "Nur Otan" партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ләйлә Төрешованың Алғыс хатын табыстады.
Актив отырысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев, жеке кәсіпкер Оразбек Ахметов Ерлан Әмірханұлының ауданда атқарған қызметіне оң бағасын беріп, жаңа қызметіне абырой тіледі.

Бәкіров Ерлан Әмірханұлы 2020 жылдың маусым айынан бастап бүгінгі күнге дейін Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары қызметін абыройлы атқарып келді.

Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары
қызметіне тағайындалған Ерлан Әмірханұлына абырой мен сәттілік тілейміз.


11 қыркүйек 2021 ж. 381 0