» » КӘСІПТЕН НӘСІП ТАБАТЫНДАР КӨБЕЙЕДІ

КӘСІПТЕН НӘСІП ТАБАТЫНДАР КӨБЕЙЕДІ

Қазақта “Есектің артын жусаң да мал тап” деген сөз бар. Иә, заманына қарай амалын жасамағанның қарыны тоғаймайды. Бүгінгі күн жағдайында екі қолға бір күрек табу талапты жанға аса қиындық тудырмаса керек. Өйткені, мемлекет бар жағдайды жасап отыр. Әсіресе, шағын және орта кәсіппен айналысам деушілерге қолдау жыл сайын артып келеді.
Осы жылды аймақ басшысы “Жаппай кәсіпкерлікті дамыту” жылы деп жариялады. Бұл жөнінде халықпен есепті кездесуінде:
– 2018 жылды облыс бойынша «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жариялау туралы бірлескен шешім қабылдадық. Кешенді «Жол картасын» әзірледік, оны жүзеге асыруға ағымдағы жылы барлық қаржы көздері есебінен 32 млрд.теңгеден астам қаржы жұмсауды жоспарлап отырмыз, - деді аймақ басшысы.
Соңғы бес жылда облысымызда 50-ден астам өнеркәсіп нысан іске қосылса, оның 16-сы – ірі және орта кәсіпорын. Нәтижесінде, өңдеуші секторда осы кезең ішінде өндірілген өнім көлемі 65 пайызға артса, шикізаттық емес сектордың экспорт көлемі тек соңғы жылдың өзінде 60 пайызға көбейген. Сондай-ақ, кәсіпкерлікпен айналысатындардың үлесі 22-ден 26 пайызға дейін, ал, шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны өткен жылы 5,2 пайызға жетті. Осы тұста соңғы жарты жылда 16 мыңнан астам өзін өнімсіз жұмыспен қамтығандар кәсіпкерлікке тартылғанын да айта кетейік. Ендігі меже – жалпы өңірлік өнім көлеміндегі шағын және орта бизнестің үлесін 45-50 пайызға дейін жеткізу. Бұл мақсатта жұмсалатын қаржы көздеріне тоқтала кетсек. «Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік» бағдарламасы бойынша – 7,5 млрд.теңге, «АӨК-ті дамыту» бағдарламасы бойынша - 8,8 млрд.теңге, «ДКБ-2020» бағдарламасы бойынша - 1,3 млрд.теңге, ЕДБ қаражаттары – 13,1 млрд.теңге, ӘКК-нің қаржылық қолдауы – 1,4 млрд.теңге қаралып отыр. Ал, стартаптағы алғашқы жобаларға осы қаражаттардан шамамен 2,5 млрд.теңге бөлу жоспарлануда.
Ауданымыздағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға жасалған қамқорлық жайына келсек, 2017 жылы жалпы құны 1 млрд 408 млн. теңгені құрайтын 174 жоба қаржыландырылды. Айталық, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» микронесие беру бағыты бойынша 69 жобаға 249,3 млн теңге бөлінді. Сондай-ақ, «Ауыл» несие серіктестігі» ЖШС-гі арқылы 30 жобаға 215,9 млн теңге қаралды. Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға «Кәсіпкерлік негіздері» тақырыбындағы қысқа мерзімді оқыту курсы өткізілді. Оқу қурсына ауданнан 71 адам қатысып, барлығына сертификат табысталды. Аталған оқу курсын оқыған 276 азаматтың бүгінгі күнге 64-і мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржыландырылып, кәсібін бастады. Сонымен қатар, құны 650,2 млн теңгені құрайтын 15 жобаның қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобалар 2018 жылдың бірінші жарты жылдығында толық іске қосылып, 117 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.


27 наурыз 2018 ж. 479 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (9565)

12 қараша 2019 ж.

№88 (9564)

09 қараша 2019 ж.

№87 (9563)

05 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 211

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 267

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930