» » 106 шаруашылық мал шаруашылығымен айналысуда

106 шаруашылық мал шаруашылығымен айналысуда



Егін шаруашылығымен бірге, Жалағаш ауданы экономикасының негізгі резервінің бірі - мал шаруашылығы да тұрақты дамуда.

Ауданда 106 шаруашылық мал шаруашылығымен, оның ішінде 88 шаруашылық «Сыбаға» бағдарламасымен айналысуда. Аудан көлеміндегі асыл тұқымды малдың үлесі бойынша 2,0 %-ға, жылқы 0,16 %-ға, қой 24 %-ға өсті.

Есепті кезеңде мүйізді ірі қара 0,3%-ға, жылқы 21,8%-ға, түйе 23,1%-ға көбейіп, ет өндірісі 1,8%-ға, сүт өндірісі 1,3%-ға артты. Оның басты себебі, мал шаруашылығына бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға ауыл шаруашылығы құрылымдарының белсене қатысуы.

Ауданда басым бағыт беріліп отырған ауыл шаруашылығы жерлері айналымға енгізілуде. 2021 жылы көлемі 14 900 гектар жер учаскелері айналымға енгізіліп, аудан бюджетіне 24 млн. теңге көлемінде қаржы түсірілді.


24 қараша 2021 ж. 160 0