» » ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ «СҰҢҚАР» ӘСКЕРИ-ТЕҢІЗ КЕМЕСІНІҢ КОМАНДИРІ БОЛАТ ОЛЖАБАЙҰЛЫ АЛТЫНБАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЗЮДО ТУРНИРІНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ «СҰҢҚАР» ӘСКЕРИ-ТЕҢІЗ КЕМЕСІНІҢ КОМАНДИРІ БОЛАТ ОЛЖАБАЙҰЛЫ АЛТЫНБАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЗЮДО ТУРНИРІНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Жалағаш ауданында Қазақстан Республикасы тұңғыш «Сұңқар» әскери-теңіз кемесінің командирі Болат Олжабайұлы Алтынбаевты еске алуға арналған республикалық дзюдо турнирінің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев ашып, шоқтығы биік, болмысы ерен тұлға туралы айта келе, турнирдің барлық қатысушыларына сәттілік тіледі. Ашылу салтанатында әскери теңіз күштерінің бас қолбасшылық басқармасының 3-дәрежелі капитаны Д.Бердіқұл, Жалағаш ауданының Құрметті азаматы, медицина саласының ардагері, Б.Алтынбаевтың ағасы С.Қалыбаев, сонымен қатар, жарыстың бас төрешісі А.Молдаханов сөз алды. 
Айта кетейік, байрақты бәсекеге Астана қаласы, Алматы, Атырау, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан келген 16 команданың 250-ге жуық спортшысы 9 салмақ дәрежесінде татами үстінде тайталасқа түсуде. Екі күнге созылатын жарыс нәтижесі ертең қорытындылатын болады.

08 сәуір 2018 ж. 643 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 68

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930