» » Биыл елордалық «109» қызметіне 440 мыңдай адам жүгінген

Биыл елордалық «109» қызметіне 440 мыңдай адам жүгінген

2017 жылдың басынан 25 желтоқсан аралығында Астана қаласының «109» қызметіне 440 мың қоңырау келіп түскен. Бұл туралы Астана қаласындағы «109 кезекші қызметі» ММ-нің директоры Мұрат Аманшиев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Біздің «109 кезекші қызметі» тәулік бойы халықпен тікелей жұмыс істейді. 24 сағат келіп түскен коммуналдық және тұрмыстық сұрақтарға ауысымдағы 15 оператор жауап береді. 109 қызметі 300 бағыт бойынша жұмыс атқарады. Астана қаласының әкіміне де осы нөмір арқылы өтініш пен шағымдарды жолдауға болады. Әлеуметтік желілерде де қызу жұмыс істейміз», - деді Мұрат Аманшиев.
Сонымен бірге ол 2017 жылдың басынан 25 желтоқсан аралығында 109 нөміріне 440 мың қоңырау мен өтініш келіп түскенін атап өтті. Өткен жылмен салыстырғанда мекемеге хабарласушылардың саны 110 мың адамға артқан.
«Біз статитистикаға ғана емес, сапаға да жұмыс істейміз. Қабылданған әр қоңырау тексеріліп, сарапталады. 1000-ға жуық қоңырау бақылауға алынды. Жұмыс өте қарқынды жүріп жатыр. Себебі, кез келген сұраққа белгілі бір регламент бойынша жауап береді. Келіп түскен өтінімдермен соңына дейін жұмыс істеп, бастысы қоңырауларда көтерілген мәселені өтінім берушінің келісімімен ғана күн тәртібінен алып тастаймыз. Бүгін біз сағат 11:00-де қала тұрғындарына түстен кейін мектепте сабақ болмайтынын хабарладық», - деді ол.
Оның айтуынша, мекемеде 60 оператор бар. 109 кезекші қызметіне тәулігіне 800-ден 2000-ға дейін қоңырау келіп түседі.
«Қоңыраулар саны көктемге қарай көбейеді. Мысалы, биыл көктемде тәулігіне 12-13 мыңнан астам қоңырау келіп түскен күндер болды. Осыдан 10 жыл бұрын қызметтің 10-15 түрімен ғана жұмыс істесек, биыл қызметтің саны 300-ге дейін көбейіп отыр. Алдағы уақытта қызметтердің санын арттыру жоспары бар. Себебі қала тұрғындарының саны өсіп бара жатқандықтан, тиісінше қоңырау шалушылар саны көбейіп отыр», - деді Астана қаласындағы «109 кезекші қызметі» ММ-нің директоры Мұрат Аманшиев.
Оның айтуынша 109 нөміріне қала тұрғындары көбінесе су немесе жарықтың жоқтығы, сабақтың болатыны немесе болмайтыны туралы хабарласады. Ол көшеде құдықтың беті ашық тұрып, сол туралы шағым келіп түссе сол құдықты регламент бойынша 3 сағаттың ішінде жауып тастауы тиістігін айта кетті.

Назерке Абибулла
26 желтоқсан 2017 ж. 537 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9559)

22 қазан 2019 ж.

№82 (9558)

19 қазан 2019 ж.

№81 (9557)

15 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031