» » «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ОРТАҚ ПАРЫЗЫМЫЗ»

«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ОРТАҚ ПАРЫЗЫМЫЗ»

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен бүгін Жалағаш аудандық мәдениет және өнерді дамыту орталығына «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парызымыз» тақырыбында аудан тұрғындарымен кездесу өткізді. 
Шараға аудан тұрғындары, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік сала мамандары, білім және мәдениет салаларының қызметкерлері, ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым, жастар өкілдері қатысты. 
Кездесуде «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры, заң ғылымдарының магистрі, халықаралық құқық қорғау орталығының кәсіби медиаторы Ж.Тұсмағамбетов, «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қоры директорының орынбасары Ж.Алтынбасова қатысып, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықбұзушылыққа, қылмыстылық, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру бойынша хабарламаларын жасап, аудан тұрғындарының сауалдарына жауап берді.
19 сәуір 2018 ж. 386 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (9566)

16 қараша 2019 ж.

№89 (9565)

12 қараша 2019 ж.

№88 (9564)

09 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 274

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 315

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930