» » ХҚКО қызметкерлері түрлі ұлт киімдерінде қызмет көрсетті

ХҚКО қызметкерлері түрлі ұлт киімдерінде қызмет көрсетті

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»  коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті ұжымы 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесін сəн-салтанатпен атап өтті.
Ынтымақ пен бірлігі жарасқан ұжым биыл алғашқылардың қатарында Қазақстан халқының татулығы мен достығы мерекесін жылдағыдай кең көлемде атап өтті. Қызметкерлер әр ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерін киіп, орталыққа келген тұтынушыларға қызмет көрсетті. Ізгі тілектер жазылған құттықтау хаттар таратылды. Мерекелік шараның ең қызықты сәті – өнепаз қызметкерлердің ұйымдастыруымен өткен мерекелік концерт болды. Бұл күні орталыққа келген қызылордалықтар ұжыммен бірге ән салып, би биледі. Сондай-ақ, жерлестерін мерекемен құттықтап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған ХҚКО мамандарына ізгі тілектерін айтты.
«Қазақстан халқының бiрлiгi күнi  -  мемлекеттiк мерекелердің ішіндегі ерекше күн. Елбасының сарабдал саясатының арқасында Тәуелсіз Қазақстанның ашық аспаны астында бірнеше ұлт пен ұлыс бір ананың баласындай тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Бұл - көп ұлтты мемлекетіміздің жасампаздығының айқын көрінісі. Еліміздегі осы этносаралық үйлесімді сақтау  - Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет. Мен ұжымымыздың атынан жерлестерімді және барлық қазақстандықтарды бүгінгі мейраммен құттықтаймын! «Бірлік түбі – береке» - дегендей, көпұлтты халқымыздың бірлігі жарасып, достықтың мекені жарасымын тауып, татулығы мен ынтымағы әрқашан арта берсін!, - деген ақ тілек білдірді департамент директоры Айнұр Тобаева.
Осы күнгі теңіздей тілек, әннен шашу, түрлі түсті  шарлар орталыққа келген қызмет алушылардың көңіл-күйін көтеріп, ерекше әсерге бөледі. Мерекелік шара соңында ХҚКО қызметкерлері тұтынушылармен бірге көк аспанға бейбітшілік пен достықтын символы болған көгершіндер мен түрлі-түсті шарлар ұшырды.
28 сәуір 2018 ж. 489 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

№69 (9545)

03 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30