» » МАМЫРДЫҢ 4-І КҮНІ ЕЛДІҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖАУЫН ЖАУЫП, ЖЕЛ КҮШЕЙЕДІ

МАМЫРДЫҢ 4-І КҮНІ ЕЛДІҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖАУЫН ЖАУЫП, ЖЕЛ КҮШЕЙЕДІ


Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсерлетеді. Елдің батысы мен оңтүстік бөлігінде ғана жауын-шашын болмайды деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Республиканың кей жерлерінде түман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі, бұршақ жаууы да ықтимал.
  Ақмола облысында кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, күндіз екпіні 23-28 метр болады. Дауыл тұрып, бұршақ жаууы да мүмкін.
  Солтүстік Қазақстан, Қарағанда облыстарының бірқатар аймақтарында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғуы мүмкін, екпіні 23-28 метрге жетуі де ықтимал. Бұршақ жауып, түнде және таң ата тұман түседі деген болжам бар.
  Шығыс Қазақстан облысында күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, түнде және таң ата тұман түсуі мүмкін.
Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында жел кұшейіп, жылдамдығы секундына 15-23 метрге жетеді. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында желдің соңы шаңды дауылға ұласады.
  Павлодар облысының бірқатар аймақтарында жылдамдығы секундына 15-20 метр болатын жел соғады, екіпін 23-28 метрге жетеді.
  Қостанай облысында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз екпіні секундына 23 метр болады. Бұршақ жаууы да ықтимал.




https://kyzylorda-news.kz

04 мамыр 2018 ж. 905 2

Гость Jeaplause от 23 ақпан 2019 14:12
Antibiotics In The Keflex Family Comprare Levitra Milano cialis priligy Amoxicillin Pneumonia Cialis E Psicofarmaci Ferrand

Гость Jeaplause от 12 наурыз 2019 16:23
Propecia Effects On Women Oral cialis tablets for sale Pfizer Viagra Cost Differenze Cialis Viagra