» » Елбасы бірқатар заңға қол қойды

Елбасы бірқатар заңға қол қойды


Президент Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар заңдарға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы бағалау қызметін реттеу жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, сонымен қатар Мемлекет басшысы заңнаманы «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Және де жәбірленушілерге өтемақы қорынан біржолғы ақша төлеу арқылы қылмыстардан зардап шеккен тұлғаларға материалдық көмек көрсетудің құқықтық негіздерін жасауға бағытталған «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына бірқатар заңнамалық актілерді сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Жәбірленушілерге өтемақы қоры мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.
10 қаңтар 2018 ж. 846 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (9652)

22 қыркүйек 2020 ж.

№72 (9651)

19 қыркүйек 2020 ж.

№71 (9650)

15 қыркүйек 2020 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930