» » Дәрігерлер кеңесі: Өзіңізді менингит инфекциясынан қалай сақтауға болады?

Дәрігерлер кеңесі: Өзіңізді менингит инфекциясынан қалай сақтауға болады?


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі менингококк инфекциясының алдын алу және оның алғашқы белгілері жөніндегі жадынамаларды таратты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Менингококк инфекциясы – ауруды белгісіз тасымалдаушы, назофарингит (мұрын мен жұтқаншақтың қабынуы), менингит (ми қабықтарының қабынуы) және менингококк сепсисі (қанның зарарлануы) секілді түрлі клиникалық белгілері бар бактериялар қоздыратын жіті жұқпалы ауру.
Инфекцияның берілу жолы – ауалы-тамшылы, яғни жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде жұғады.
Белгілері: бастың қатты ауруы, шөлдеу, құсу, дене қызуының көтерілуі, қалтырау, бозару, тәбеттің төмендеуі, бөртпе, әлсіздік, арқа және аяқ-қолдардың ауруы.


Аурудың алдын алу үшін мынадай ережелерді сақтаған жөн:
– аурудың алғашқы белгілері (тамақтың қызаруы, дене қызуының көтерілуі, бастың қатты ауруы, әлсіздік) пайда болған кезде дәрігерге көріну және басқа нұсқауларын орындау;
– түрлі мәдени-бұқаралық шараларға қатысуды, жүзу бассейндеріне баруды, ойын алаңдарына баруды шектеу, жеке тазалықты сақтау;
– ғимараттарды жиі желдетіп, күн сайын ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізу;
– созылмалы инфекция ошақтары ЛОР ағзаларын тазалау;
– тек қайнаған немесе бөтелкедегі суды ішу;
– мұздаудан, ашығудан, ұйқының қанбауынан, күйзелістен аулақ болу.



http://stan.kz
05 маусым 2018 ж. 403 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9604)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (9603)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (9602)

27 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930