» » «БАСПАНА» ҰЙЫМЫ ҚҰРЫЛДЫ

«БАСПАНА» ҰЙЫМЫ ҚҰРЫЛДЫ

Бұл бағдарлама «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінде айтылған «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бірінші бастамасын іске асыру мақсатында әзірленді. Бағдарлама ипотекалық келісімді жандандырып, мыңдаған қазақстандықтар үшін тұрғын үй сатып алудың қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Жалпы еліміздің экономикасын дамытуға мультипликативтік әсерін тигізеді деп күтілуде.
Ұлттық банктің еншілес ұйымы «Бас­пана» ипотекалық ұйымы» АҚ осы бағдар­ламаның операторы болмақ. Қатысушы банктерге критерийлер белгіленіп, олар­дың тізімі оператормен келісім-шарт жа­салған соң жарияланады. Бүгінде бас-аяғы 11 банктің ипотекалық несиелеуге қатысатыны белгілі болып отыр. Банктер қарыз алушылардан оны бергені және қызмет көрсеткені үшін комиссия алмайды.
Қазір Ұлттық банктің мобильді қосым­шасында «7-20-25» деген жаңа бөлім ашылып, онда бағдарламаға қатыс­ты барлық сауалдарға тез арада жауап берілуде. Айта кетейік, «7-20-25» бұған дейінгі және қазіргі мемлекеттік ипотекалық бағдарламалардан ауқым­дылығымен ерекшеленеді. Төменгі мөлшері 7 пайыз, алғашқы салым 20 пайыз, ал несие уақыты 25 жылға дейін белгіленген бағдарлама мемлекет тарапынан қаржыландырылмайды.
Бағдарламаға еңбек және кәсіпкерлік табысы бар, меншігінде үйі жоқ Қазақстан Республикасының кез келген азаматының қатысуға мүмкіндігі бар. Сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалалары үшін – 25 млн теңге, басқа өңірлер үшін 15 млн теңге болмақ. Айтпақшы, сатып алынатын жылжымайтын мүлік кепілге қойылады. Кепілмен қамтамасыз ету құны тәуелсіз бағалаушы мен банк айқындаған құнның, тұрғын үйді сатып алу жөніндегі мәміле бағасының ең аз мөлшері бойынша тағайындалады. Кепіл мүлікті және қарыз алушының өмірін сақтандыру міндетті емес. Қажет болған кезде банк кепіл мүлкін және қарыз алушының өмірін сақтандыруды өз есебінен жүзеге асырады.

Н.ҚАЗБЕКОВ.
10 шілде 2018 ж. 329 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9559)

22 қазан 2019 ж.

№82 (9558)

19 қазан 2019 ж.

№81 (9557)

15 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031