» » Астана тұрғындары енді қоқыс өткізіп, ақша таба алатын болды

Астана тұрғындары енді қоқыс өткізіп, ақша таба алатын болды

Елордада «Жасыл таңдау» жобасының іске қосылуына байланысты, қала тұрғындарына өздері жинаған қоқыстың арқасында табыс табуға мүмкіндік туды. Енді астаналықтар өңдеуге келетін өнімдерді эко-нүктеге өткізіп, ол үшін ақша алатын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі astana.gov.kz сайтына сілтеме жасап.


Елордада іске қосылған бұл жобаны Astana clean time компаниясы жыл басынан жүзеге асырып жатыр. Бүгінгі таңда қайта өңдеу шикізатын қабылдау эко-пункттерін Астананың «Северное сияние», «Достар», «Достар 2», «Достар 3», «Арман қала», «Эдем палас» тұрғын үй кешендері аумағынан, «Шапағат» базарының ауданынан кездестіруге болады.

«Мұндай пункттерді ашуға қатысты идея жыл басында пайда болды. Біз қоқысты бөліп жинауға қатысты шет елдердің тәжірибесін зерттеп, жапондық нұсқаны таңдадық. Пункттерде белгіленген бағалар бойынша тұрғындардан шикізат қабылданады. Бізде халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар, зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыс істейді», – деп әңгімелеп берді Astana clean time компаниясының бас директоры Тимур Исмагулов.
Ал, мұндай эко-нүктелер ескі қағазды, ақ қағаз бен қаңылтыр құтыларды, сондай-ақ целлофандар мен шыны ыдыстарды қабылдайды. Қайта өңдеуге келетін осындай қоқыс өткізген қала тұрғындарына әр келі үшін ақша төленбекші екен. Сонымен қатар, бағалар өткізілген өнім атауына байланысты бір келіге 20-70 теңге көлемінде төленеді.
«Қазіргі таңда 9 пункт жұмыс істейді. Бір пункттен күніне 500 келіге дейін аламыз. Бұдан бөлек, біз қоқысты пункттерден «Шанхай» базары ауданындағы базаға жеткізетін 5 эко-мобильді сатып алдық. Шикізат базада өңделеді. Бізде өңделмейтін өнімдерді Алматы және Петропавловск қалаларына жібереміз», – дейді компанияның директоры.
Компания директорының сөзіне сүйенсек, тұрғындар көбіне картон мен бөтелкелерді тапсырады.
Алдағы уақытта компания қалдықтарды қабылдау пункттерінің санын 22-ге дейін арттырып, қабылданатын өнім атауларының тізімін де ұлғайтпақ ниетте.
14 шілде 2018 ж. 286 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (9521)

11 маусым 2019 ж.

№44 (9520)

07 маусым 2019 ж.

№43 (9519)

04 маусым 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

09 шілде 2019 ж. 125

ХАБАРЛАНДЫРУ

05 шілде 2019 ж. 82

Сессияға шақыру

02 шілде 2019 ж. 102

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031