» » ОБЛЫСТЫҚ ҚАСАПШЫЛАР СЕМИНАРЫ

ОБЛЫСТЫҚ ҚАСАПШЫЛАР СЕМИНАРЫ



ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде аймақтағы қасапшыларды оқыту семинары өтті.
Семинарды алғы сөзімен бастап берген өкіл имам Болатбек қажы Ұласқанұлы Құрбан айттың мерекесі және оған дайындық жұмыстарын жүргізуде қасапшыларды оқытудың маңыздылығы туралы түсіндірді.
Бұдан кейін, орталық мешіт найб имамы Р.Ешмахан құрбан шалудың үкімі мен сауабы, қасапшылардың жауаптылығы туралы айтса, ҚМДБ жанындағы «Халал Даму» ЖШС-ның Қызылорда облысы бойынша жауапты өкілі П.Шарапатова халал стандарты талаптары бойынша мал бауыздау процесінің ережелері мен қасапшының міндеттерін талдап берді.
Семинар соңында, облысқа қарасты қала және аудан мешіттерінде құрбан шалу рәсімін жүзеге асыруға бекітілген отыз шақты қасапшыларға нұсқаулық таратылды.


ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

10 тамыз 2018 ж. 527 0