» » Қызылорда облысында жыл соңына қарай цемент зауыты іске қосылады

Қызылорда облысында жыл соңына қарай цемент зауыты іске қосылады

2Қазір құрылыс алаңында 662 адам жұмыс істеуде, жалпы құрылыс жұмыстарының 90%-ы аяқталған. Өндіріс орны 2018 жылдың желтоқсанында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Облыс әкімі Қ.Көшербаев Шиелі ауданына жұмыс сапары барысында зауыттың құрылыс жұмыстарымен танысып, Қытай Халық Республикасынан білім алып келген 17 жас маманмен кездесті. Қазіргі таңда, цемент өндіретін зауыттың құрылыс-монтаж жұмыстары 90 пайызға аяқталған, өндіріс орнының болашақ қызметкерлері Қытайда білім алуда. Естеріңізге салайық, жергілікті тұрғындарды жұмысқа тарту үшін «Гежуба Шиелі Цемент" компаниясы аудандағы индустриалды колледждің түлектерін – 46 адамды білім алуға әрі зауытта жұмыс істеуге даярлықтан өтуге жіберген болатын. Аймақ басшысы оқуын тәмамдап келген алғашқы 17 түлекпен кездесті. Қазіргі таңда екінші топпен оқитын 80 студент іріктеліп алынды. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде зауытқа электр желісімен жабдықтау және темір жол салу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ облыстық бюджеттен өнеркәсіптік аймаққа газ құбырын салу үшін қаражат бөлінді. Естеріңізге салайық, Шиелідегі цемент өндіретін зауыттың жобалық қуаты жылына 1 млн. тоннаны құрайды. Жоба аясында 50 гектар жер телімі бөлінді, оның 46 гектары нақты зауыт құрылысы үшін, ал төрт гектарында қызметкерлерге арналған әлеуметтік нысандардың құрылысы жүргізілуде. Кәсіпорын өнімдері Еуразиялық экономикалық одақ, ТМД және ҚХР елдеріне жеткізілетін болады. Жобаны іске асыру үшін «DANAKE Корпорациясы» ЖШС және қытайлық компания «Gezhouba Group Cement Co. Ltd» аясында «Компания Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС бірлескен кәсіпорны құрылды. Зауыт толық іске қосылған кезде өнеркәсіпте 220 тұрақты жұмыс орны құрылады.

18 қыркүйек 2018 ж. 399 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№6 (9585)

25 қаңтар 2020 ж.

№5 (9584)

21 қаңтар 2020 ж.

№4 (9583)

18 қаңтар 2020 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 761

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 708

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031